Мәдениет

“Қызыл жардың” мерейтойлық концерті

 

“Қызыл жар” халықтық саз ансамблінің құрылғанына 20 жыл толды. Осы уақытта шығармашылық топ көптеген облыстық және республикалық фестивальдарда жеңіске жеткен. Ұжымның құрамы да кәсіби мамандарға толықты.

Виталий Смотров, “Қызыл жар” халықтық саз ансамблінің жетекшісі:

– Бүгінгі концертімізді ансамбльді құрған Геннадий Ерзаковтың құрметіне арнаймыз. Өкінішке қарай, ол биыл қайтыс болды. Осы концертке қатысқанын қалап едік.

 

Ансамбль ұжымы мен оның жетекшісін құттықтауға келгендердің қатары қалың. Олардың арасында достары, әріптестері мен замандастары бар.

 

Галина Александрова, “Сладкая ягодка” ансамблінің жетекшісі:

-“Қызыл жар” ансамблінің мүмкіндіктері көп қырлы. Олар қазақ, украин тілдерінде де ән салады. Әріптестерімді 20 жылдық мерейтойымен құттықтаймын.

 

Концертке келген қауым сүйікті ансамблінің орындауындағы әндерді сүйсініп тыңдады.

Кейін өнерсүйер қауым кештен алған әсерлерімен бөлісті.

 

Бүгінгі кеш керемет болды. Қуанышымызда шек жоқ. Жүргізуші де жақсы болды.

– Мен бұндай концертте бірінші рет болдым. Маған барлығы ұнады, қызықты болды.

– “Қызыл жар” ансамблінің бұл сыйлығына көп рахмет. Жаңа өлеңдермен қуантты.

 

Нұрбек Нәбиев