Билік

Мәжіліс депутаттары Петропавлда кәсіподақ белсенділерімен кездесті

 

Бүгінгі күні ҚР Парламенті Мәжілісінің қарауында 57 заң жобасы жатыр екен. Соның бірі – “Кәсіподақтар туралы”. Бүгінде кәсіподақтар осыдан 20 жыл бұрын қабылданған заң негізінде қызмет істеуде. Алайда, құжат қазіргі заман талаптарына сай келмейді. Сол себепті мемлекет басшысы «Қазақстан-2050» стратегиялық бағдарламасында аталған заң жобасын қайта әзірлеуді тапсырған болатын. Қазіргі күні кәсіподақтарды әлеуметтік әріптестікте нақтылы күшке айналдыру үшін маңызды құжаттың жобасы жасалды және ол барлық салаларда талқылануда.

“Кәсіподақтар туралы” заң жобасы жайында бүгінгі кездесуге келгендерге ҚР Парламент Мәжілісінің депутаты Николай Логутов кеңінен түсіндірді.

 

Николай Логутов, ҚР Парламент Мәжілісінің депутаты:

– Бұл заң жобасы біздің қарауымызда жатыр. Құжат заман талаптарына сай келеді. Өйткені елімізде 20 жылдың ішінде көп өзгерістер болды. Сондықтан біз кәсіподақтарға қатысты туындап отырған мәселелермен жұмыс істеуіміз керек.

 

Өкінішке қарай, кәсіподақтардың бүгінгі күні мәз емес. Олар өздерінің жалақыларының аздығын алға тартты.

 

Наталья Воронцова, СҚО денсаулық сақтау қызметкерлері кәсіподағының төрайымы:

– Біздің алатын жалақымыз бар шығынымызды жаба алмайды. Сондықтан алдағы уақытта жалақы мәселесі шешіле ме?

 

Николай Логутов, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты:

– Біз барлығының жалақысын көтергіміз-ақ келеді, бірақ, жалақыны көбейтсек, инфляцияның деңгейі өседі. Бұл барлық мемлекеттің экономистерімен дәлелденген.

 

Осылайша кәсіподақ ұйымдарының белсенділері өздерін толғандырып жүрген сауалдарына тұщымды жауап ала алды.

 

Бану Ахметова