Қоғам

Қазақ-түрік қарым-қатынасының дамуы

 

Кешегі кеңес дәуірінде бауырлас елдердің қарым-қатынасына шектеу қойылды. Дей тұрғанмен, түбі бір түркі жұртының қос бұтағы Қазақстан мен Түркияның байланысы қайта жаңғырды. Түркия Республикасының бұрынғы Президенті Тұрғыт Өзал 1991 жылдың наурызында Қазақстанға алғаш сапарын жасаған болатын. Біздің тәуелсіздігімізді алғаш болып мойындаған да осы бауырлас ел. Содан бері екі арадағы алыс-беріс пен барыс-келіс кеңейді. Оның нәтижесін экономика, білім мен ғылым, мәдениет, бизнестен де көруге болады.

 

Дина Байбусинова, “Сұлтан ЭДМК” АҚ бас директорының көмекшісі:

-Қазақстан мен Түркия арасындағы достастықтың негізінде екі елдің басшылары Нұрсұлтан Назарбаев пен Тұрғыт Өзал болды. Біздің “Сұлтан Элеватор-Диірмен-Макарон кешені” АҚ осы сыйластықтың арқасында пайда болды. Тұрғындарды сапалы өнімдермен қуантып келеміз. Ісіміз өрге домалауда.

 

Шахмандар Искандаров – Қазақстан азаматы. Жамбыл облысында дүниеге келіпті. Өмір бойы қазақтың арасында өскен кәсіпкердің Атамекеніне кеткісі жоқ. Туған жерін сүйген ер азамат елі үшін еңбек етуді көздейді.

 

Шахмандар Искандаров, “Түрік мәдениеті” ҚБ құрылтайшысы:

-Петропавлға 1992 жылы көшіп келдім. Балаларым да осында өсіп, осы жерде білім алды. Өзіміздің отбасылық бизнесіміз бар. Жиендерімнің көбі медицина саласында еңбек етуде.

 

Жиында жастар да ой қосты. М.Қозыбаев атындағы СҚМУ-дың Тарих және құқық факультетінің студенттері Қазақстан мен Түркия халқының арасындағы бауырмалдық пен экономикалық қарым-қатынас жайлы зерттеулерін баяндады.

 

Данаш Хамзина