Қоғам

Петропавлда бас шырша орнатылды

 

Орталық алаңда жаңа жылдың басты нышаны – шырша тұрғызылып жатыр. Оның биіктігі – 20 метр. Күн суытып, қар түсісімен шыршаны айнала мұз қалашығы тұрғызылып, оны 4000-нан астам түрлі-түсті лампалар безендіреді. Сонымен бірге солтүстікқазақстандықтарға тосын сый ретінде биіктігі 6 метр болатын сырғанақ тұрғызылмақ.

 

Денис Бредников, Петропавл қалалық әкімдігінің сәулет және қала құрылысы бөлімінің басшысы:

– Басты шыршаны әшекейлеуге және мұз қалашықтарын жасау үшін Алматыдан мүсінші мамандарды жұмылдырдық. Биыл қар болмағандықтан қалашық мұздан кесіліп жасалады.

 

Жалпы облыс орталығы бойынша 14 мұз қалашығы бой көтермек. Ағаштар түрлі-түсті жарық шамдармен әрлендіріледі. Өңірімізге қыс әлі келіп жетпесе де, жерлестеріміздің мейрам қарсаңындағы көңіл-күйлері көтеріңкі.

 

Ирина Бекметова, қала тұрғыны:

– Жаңа жылдың жақындағаны сезіледі, бірақ қар түссе жақсы болар еді.

 

Рамиль Бекметов, қала тұрғыны:

– Көз қуантарлықтай ерекше мұз қалашықтарын тұрғызса екен деймін.

 

Людмила Бондоренко,қала тұрғыны:

– Жаңа жыл қуаныш әкеліп, көңіл күйді көтереді. Мына шырша бұл мерекенің жақындағанын сездіреді.

 

Қаланың басты шыршасы желтоқсанның алғашқы жұлдызында, ҚР Тұңғыш Президентінің күнінде жағылмақ. Ал жаңа жылға дайындық жұмыстары 16 желтоқсанға дейін толық аяқталады деп жоспарлануда.

 

Нұрбек Нәбиев