Қоғам

Әлемдік деңгейдегі саясатшы

 

“Абылай хан резиденциясы” мұражай-кешенінің бөлім меңгерушісі Әсемгүл Қыдбекова дөңгелек үстелге арнайы баяндама дайындап әкелген. Тақырыбы «Елбасы және оның жетістіктері» Мәдениет саласының қызметкері Президент тәуелсіз еліміздің әр саласына қолдау білдіріп келетінін, соның ішінде мәдениетке баса назар аударатынын атап өтті. Соның бір айқын дәлелі – 2005 жылы қабылданған “Мәдени мұра” бағдарламасы. Ал 2008 жылы тамыздың 21-інде облыс орталығында қайта жөндеуден өткен Абылай хан мұражайы салтанатты түрде ашылды.

 

Әсемгүл Қыдбекова, Абылай хан резиденциясы мұражай-кешенінің бөлім меңгерушісі:

– Осы шарада Президент жайлы, қандай мақсатқа жетіп отырмыз, дәрежесі жайында айтылады. Абылай хан резиденциясының өкілі ретінде келіп отырмын осы іс-шараға. Абылай хан кешені резиденциясы ашылар кезде Елбасы өзі тікелей салтанатты түрде қатысқан болатын ашылу салтанатына. Елбасының игілік істері артылып жатыр. Соның бірі осы мұражай кешені ашылғанда қолдау жасаған болатын.

 

Отырыста мемлекет басшысының елді өркендету жолында атқарған істері туралы төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері де сөз етті. Президент халықтың қолын тәуелсіздікке жеткізіп, алып империяның қоластынан шыққан жаңа мемлекеттің тұралап қалмай, қарыштап дамуына бар күш-жігерін, білімін салды. Қиын-қыстау жылдары Елбасының бас болуымен қолға алынған бағдарламалардың игілігін бүгінде көріп келеміз. Сондықтан көшбасшының барлық бастамаларын барша қазақстандықтар қолдап отыр.

 

Жазира Қожахметова, СҚО ТЖД мемлекеттік өрт бақылау бөлімінің бас маманы:

– Бүгінгі күні төтенше жағдайлар департаменті еліміздің Тұңғыш Президентінің күні мерекесіне арналған кешке жиналдық. Бұл мерекенің өткізіліп жатқаны өте маңызды. Біздің департамент қызметкерлері осындай жиынға жиі қатысып отыр. Тұңғыш президенттің маңызы өте зор. Әсіресе өскелең ұрпақ үшін мәні зор. Елбасы тұңғыш президентіміздің еліміздің қалыптасуына, нық аяққа тұруына қосқан үлесі зор.

 

Дөңгелек үстелге жиналғандар сонымен қатар Тұңғыш Президент күніне орайластырылған көрмемен танысып, тың мәліметке қанықты.

 

Бақыт Сәдуақасов