Қоғам

ҚР Тұңғыш Президентіне арналған көрме

 

6 бөлімнен тұратын Тұңғыш Президент залында Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың өмірі кезең-кезеңімен сипатталған. Төрде Нұрсұлтан Назарбаевтың алып суреті ілінсе, ортада тәуелсіз еліміздің нышаны – Бәйтеректің алып үлгісі тұр. Бөлменің бергі жағы Нұрсұлтан Әбішұлының бабасы Қарасай батырдан басталса, соңында дәл бүгінге дейінгі өмір парақтары, Солтүстік Қазақстанға жасаған сапары баяндалады. Мұндай тамаша зал өткен жылы тура ҚР Тұңғыш Президенті күніне арнайы ашылған. Бұл солтүстікқазақстандықтардың елін сүйген ерге деген ыстық ықыласын көрсетеді. Алаштың көсемі, тұңғыш Президентіміз бүгінде тәуелсіздігіміз орнап, етек-жеңімізді жинағаннан кейін қазақ халқының тарихына ерекше назар аударып жатыр. Өйткені, Қазақстан тарихы әлемдік шежіренің ажырамас бір бөлігі. Елбасымыз  осы тарихимызда өз ізін қалдырып жатыр. Тау тұлғамыз ең бірінші күллі әлемге белгілі Семейдегі ядролық полигонды жабу туралы жарлығын шығарды. Шешуші сәтте қаймықпай, елі үшін дереу шешім қабылдаған ұлт көшбасшымыздың бұл ерлігін тәуелсіз Қазақстанда туған жас ұландар жақсы біледі.

 

Мырзагелді Алхабай, Қожаберген жырау атындағы №6 орта мектеп оқушысы:

-Нұрсұлтан Назарбаевтың таққа отырғаннан кейінгі ең басты жауапты ісінің бірі “Семей” ядролық атом полигонын жабу болды. Оған қараша халық 1998 жылдан бері қарсылық білдірген. Халқының мұң-мұқтажын түсінген алғашқы Президентіміз 1991 жылы адамдардың денсаулығы мен Қазақстан аумағына зиянын тигізген Семейдегі полигонды жабуға қол қойды.

 

Президенттің тағы бір сәтті қадамы – Қазақстан халқы ассамблеясын құру идеясы. Бүгінде Қазақстан атты бір шаңырақ астында 140 ұлт пен ұлыс бейбітшілікте өмір сүріп жатыр.

 

Дана Жақсылықова, Қожаберген жырау атындағы №6 орта мектеп оқушысы:

-Біздің тәуелсіз ҚР-сы басқа елдермен тату-тәтті қарым-қатынас жасаймыз. Және сыртқы саяси әлеуметтік экономикамыздың жағдайы да жақсы. Бірлік болмайтын жерде – тірлік болмайтынын сезген Елбасымыз еліміздегі татулық пен тыныштықтың бәрін сақтап, елдің ұйытқысы болып отыр.

 

Көрмеде бұдан басқа тұңғыш Президентіміздің балалық шағы мен еңбек биографиясының бастау жолдары, қазірге дейінгі өмірі, шығармашылығы жайлы әңгімеленді.

 

Гүлназ Өмірбекова, СҚО тарихи-өлкетану мұражайының экскурсия жетекшісі:

-Бүгін біз оқушыларға жалпы Елбасымыздың өмірбаяны, ата-тегінің шежіресі жайлы сыр шерттік. Және тағы бір қызық мектеп шағындағы сыныптан-сыныпқа көшу куәлігін, алған бестіктерін көрсеткенде, оқушылардың үлкен қызығушылық танытқанын үнемі байқап жүреміз. және олар да алдағы уақытта мектепте жақсы оқып, әрі қарай Қазақстанның, шағын қаламыздың да дамуына үлестерін қосады деген ойдамыз.

 

Елбасымыздың балалық шағы соғыс кезімен тұспа-тұс келуіне байланысты Президентімізде бейқам балалық шақ болмаған. Экскурсия жетекшілері дәл осы тұсты қаперіне алып, оқушыларға қандай қиын қыстау кезең болса да қажырлы еңбектің арқасында бәрін жеңіп шығуға болатын тағы да бір айшықты, дәлелді көріністермен айтып өтті.

 

Берік Қасен