Құқық қорғау органдары

Облыс полицейлері интернет-конференция өткізді

 

Онлайн-конференция кезіндегі келіп түскен сұрақтардың дені ішкі істер органдары мен білім бөліміне тікелей қатысты болды. Сондай-ақ ғаламторды пайдаланушылар мектеп инспекторларының жұмысынан хабардар болды. Кәмелетке толмағандардың жауапкершілігі мен үйірме, секциялардың жоспарымен танысты. Ата-аналардың көпшілігі сағат кешкі 11-ден кейін кәмелетке толмағандардың ересектердің қарауынсыз көшеде жүруіне тыйым салынғанын әлі күнге білмейтін көрінеді. Ал полицейлер олардың өз балаларының қылықтары үшін тікелей жауапкершілікке тартылатынын ескертеді.

 

Лариса Лысакова, СҚО ІІД ӘПБ аға инспекторы:

-Үстіміздегі жылдың 26 қарашасында кәмелетке толмағандардың құқықтары тақырыбында интернет-конференция өтті. Шараға барлық құқық қорғау мекемелерінің өкілдері қатысты. Әсіресе осы сынды жиындар жасөспірімдер арасында өзекті.

 

Интернет-конференцияға қосылған жерлестеріміздің сауалдарына прокуратура және сот өкілдері де жауап қайырды.

 

Нұрлан Сапаров, Петропавл қаласы прокурорының көмекшісі:

-Облыс орталығының тұрғындары ерекше белсенділік танытты. Прокуратураға тұрғындардан 5 сұрақ келіп түсті. Барлығына жауап бердік. Арасында кальян шегуге қатысты сұрақ болды. Оны қоғамдық орындарда пайдалануға тыйым салынған.

 

Онлайн пікірталас барысында ІІД-нің сайтына барлығы 35 сұрақ жолданған.

 

Бақыт Сәдуақасов