Аптадағы маңызды жаңалықтар

Үкіметте жол жөндеу, жолаушылар тасымалдауды дамыту мәселелері қаралды

-Тар трассалар кеңейтіледі. Шойын жолдың 8 мың шақырымы жаңадан төселеді. Жолаушы тасымалын жақсартуда да бірқатар игі бастамалар қолға алынады. Еліміздегі барлық авто және теміржол вокзалдары жөндеуден өтеді. Азаматтық авиация саласының тамырына қан жүгірмек. 30 бірлік ұшақ алынып , Петропавл, Орал халықаралық әуежайлары қалпына келтіріледі. Су байланысында жүзу нысандары мен порттар халықаралық талаптарға сәйкестендірілмек. Нәтижесінде қоғамдық көлік қатынауы 1,6 есеге ұлғаяды деп жоспарлануда. Қазақстан Еуропа мен Азияны байланыстыратын көпір іспеттес. Халықаралық дәліздік жолдарды нығайту да ұлттық жобаның басым бағыты. 20 жылға дейін алыс, жақын шетелдермен сауда-саттықты 1,3 трлн. теңгеге жеткізу межеленген. Ол үшін біріншіден көліктік логистикаға жан бітірлмек. Транзиттік 14 бағытта «бір терезе, бір баға» жүйесі қалыптастырылады. Ұсынылған жобаны жүзеге асыруға 5 трлн. теңгеден артық инвестиция тартылады. Бұл ішкі нарық кірісін 3 есеге арттырып, жаңадан 28 жұмыс орнын құруға мүмкіндік ашпақ. Көлік инфрақұрылымы әлеуетін дамытуға бағытталған бағдарлама үкіметтің қолдауын тауып, бірауыздан мақұлданды.

 

Жеңіс Ермұқанов