Қоғам

Облыста БАҚ және мемлекеттік органдар қарым-қатынасын дамыту жобасы жүзеге асырылды

 

 

Бұл «Әділ Арқа» қоғамдық қорының БАҚ өкілдері мен мемлекеттік органдар арасындағы қарым-қатынасты дамытуға бағытталған жобалар легінің осы жылы өткізіп отырған соңғы шарасы. Семинар екіжаққа да тиімді көптеген маңызды сауалдарды қамтыған.

 

Зәуре Жұмалиева, «Әділ Арқа» қоғамдық қорының директоры:

– Жалпы туындаған мәселе өте көп. Десе де олар алдағы уақытта шешім табады деген ойдамын. Ол үшін мемлекет тарапынан қолдау көрсетіліп жатыр. Ең алдымен мемлекеттік органдарда баспасөз өкілдері пайда болуда. Осы жоба аясында біз оларды журналистермен тығыз қарым-қатынаста болуға үйреттік. Әр түрлі шаралар легін жасадық.

 

Кездесу барысында сөз алған судьялар сөз бостандығы жайлы да айтып өтті. Олар европалық және қазақстандық БАҚ туралы заңдарда қарастырылған осы мәселені қозғады.

 

Елена Максюта, СҚО сотының судьясы:

-Біздің заңнамамыз халықаралық стандарттарға толығымен сай келеді. Сөз бостандығы жайлы әлемдік заңнама біздің елімізде де қолданылады. Әрбір адам өз ойын толық жеткізе алады. Тек бірнеше алғышарттары бар.

 

Қазіргі уақытта дербес сот билігін құрып отырған мемлекетімізде судьялардың қоғам талабына сай, тиімді сот төрелігін жүргізу барысындағы жауапкершіліктеріне баса назар аударылып отыр. Барлық соттарда әділдікті жүзеге асыру бағытында атқарылған жұмыстарды ашық көрсету үшін сот органдары мен жергілікті бұқаралық ақпарат құралдары өкілдері арасында тығыз қарым-қатынас орнаған. Кездесу соңында екі жақ өз араларында туындайтын маңызды мәселерді де қарастырды.

Мағжан Ахмадина