Қоғам

Елдің сот жүйесі жетілдірілуде

 

Ел судьяларының съезі 1996 жылдан бері 4 жылда бір рет өткізіліп келеді. Бұл жолғы маңызды жиында ең бастысы, Қазақстан өзінің өркенді сот жүйесін қалыптастыру керек деп атап өткен болатын көшбасшысымыз. Яғни, сот жүйесін, жалпы құқықтық жүйені түземесек көздеген мақсатқа жету қиын екендігін айтты. Сондықтан ең алдымен үшінші билік өкілдері арасында болатын жемқорлыққа жол бермеу. Және азаматтардың құқығын қорғап, әділ шешім шығару жүктелді судьяларға.

 

Әбдіқаххар Еркебаев, Петропавл қалалық сотының төрағасы:

– Өркениетті дамыған елдердің қатарына қосыламыз деп отырмыз. Сол өркениетті елдердің өзіне қатысты мықты да беделді сот жүйесі болу керек. Судьяларға берілген тапсырмасының бірі мынау сот төрелігі деңгейін көтеру. Азаматтардың конституциялық құқықтарын, бостандықтарын, заңды тұлғалардың мүдделерін сотта қорғау және әділ шешім шығару.

 

Елімізде сот жүйесі уақыт өткен сайын сатылап жаңғырып отыруы керек. Бұл заман талабы. Дегенмен алға ілгерлеушілік те байқалады. Өз сөзінде Елбасы соңғы съезбен арадағы 4 жылда еліміздің сот жүйесінің сапасы 23 сатыға жоғарылап, әлемде 80-ші орыннан көрінгенін жеткізген болатын. Яғни, тәртіпке тартылып, қызметінен кеткен судьялардың саны 4 есеге азайған. Және жыл санап судьяларға сенім білдіріп, сотқа жүгінушілердің қатары артып келеді. Бұл – халықтың 3-ші билік өкілдерінің қызметін әділ жүргізіліп жатқандығын көрсетсе керек.

Қазіргі таңда республикамызда түрлі бағыттағы 378 сот бар. Оларда білімі мен білігіне қарай сайдың тасындай іріктелген 2214 судья қызмет етеді. Және келесі жылдан бастап судьялардың қатары шамамен мыңға дейін артпақ. Есесіне оларға жүктелетін жауапкершілік те еселенбек.

 

Әбдіқаххар Еркебаев, Петропавл қалалық сотының төрағасы:

-Бұл съезде көптен күткен судьялар қауымдастығының штат мәселесі де шешілді. Елбасының тапсырмасы мен үкіметке 450 судьяның штаты беріледі. Бұған қоса 60 сот орындаушылары болады. Яғни, сот штаты 960-қа көбейеді.

 

Жалпы, 6-шы съезге 1200 адам қатысты. Бізден алқалы жиынға 30 делегат барды.

 

Бану Ахметова