Балалар

“Алтын бесік” инновациялық жобалар байқауында жеңіске жетті

 

“Алтын бесік” балабақшасының ашылғанына 1 жыл болмаса да мектепке дейінгі тәрбие беретін мекеме инновациялық жобалармен айналысып келеді. Оған дәлел – балабақша қызметкерлері өздері әзірлеген электронды менеджмент жүйесі жобасын іске қосыпты. Бұнда балабақша жұмысының барлығы электрондық жүйеде қамтылған. Жоба мектепке дейінгі тәрбие беретін мекемелердің басқару механизмі ретінде дайындалған. Электрондық жобаның мүмкіндіктерін әріптестеріне көрсету үшін балабақша басшысы республика көлемінде жарияланған “Инновациялық білім беру жобалары” атты көрме-жәрмеңкеге қатысыпты. Сөйтіп, 35 конкурсанттың ішінен бірінші орынды иеленді.

 

Мадина Дарбаева, “Алтын бесік” балабақшасының директоры:

-Жоба 5 модульді қамтиды.

 

Сонымен қатар облыс орталығында ұйымдастырылған «Педагогикалық дебют – 2013» облыстық байқауының қалалық кезеңінде аталған балабақшаның тәрбиешісі Әсем Қабдолова 2-орынды иемленген. Сайысқа қаладан 8 жас тәрбиеші қатысыпты.

Бүгінде “Алтын бесік” балабақшасында 350 бала мектепке дейінгі тәрбие алуда.

 

Бану Ахметова