Салық басқармасы

Пәтерін жалға беретіндер салық төлеуі керек

 

Жеке тұлғалардың табыс салығына мүлікті жалға беруден түскен табысы жатады. Қазір осы мүлікті жалға беріп, табыс тапқан жеке тұлғаларды әкімшілендіру бойынша жұмыстар жүргізілуде. Салық төлеушілердің тізімін Петропавл қаласы бойынша салық басқармасы қала әкімдігі мен пәтер иелері кооперативінің көмегімен ғана біле алады екен.

 

Жібек Күлікова, Петропавл қаласы бойынша салық басқармасының бас маманы:

-Осы мәлімет бойынша жеке тұлғаларға хабарлама жолданады. Жылдың басынан бастап жеке тұлғаларға 197 хабарлама жолданды. Бүгінгі таңда қаланың 16 салық төлеушісі 2012 жылғы жеке табыс салығы бойынша 240-шы декларацияны тапсырды.

 

Сөйтіп, қаланың 16 тұрғыны 2012 жылда түскен жеке табыс салығының 10 пайызын төлеу арқылы жергілікті бюджетке 267 мың теңгенің пайдасын тигізді.

 

Лилия Әбілева, Петропавл қаласы бойынша салық басқармасының бас маманы:

-Салық төлеушінің 1 жылдық жеке табыс салығына жалпыға бекітілген тәртіппен жанама өсу құнына 10 пайыз мөлшеріндегі ставка қолданылады. Жеке тұлғалар салығын тұратын орны бойынша салық органына 240-шы декларацияны 31 наурызынан кешіктірмей тапсырулары қажет. Соның негізінде төленетін қаражаттың сомасын біз белгілеп, оны салық төлеші 101/ 202 бюджеттік класификация кодына 10 сәуірге дейін төлеуі қажет.

 

Егер де салық төлеуші тарапынан бұл заңдылық орындалмаса, онда салық басқармасы азамат заңмен қаудаланатынын ескертеді.

 

Берік Қасен