Білім

Мұғалімдер ағылшын тілін оқыту шеберліктерін шыңдады

 

Бүгінде облыстағы көп білім ошағында ағылшын тілі пәні 1 сыныптан бастап өткізіліп келеді. Солардың бірі – қазақ-мектеп гимназиясы. Бұнда бастауыш сыныптарға ағылшын тілі 2007 жылдан бастап өткізілуде. Сонымен қатар бірнеше негізгі пән де осы шет тілінде жүргізіледі екен. Нұргүл Қазиеваның қазақ мектеп-гимназиясында жұмыс істегеніне 1 жыл болыпты. Жас мұғалім бастауыш сынып оқушыларына ағылшын тілінен сабақ береді. Ол мұндай семинар тәжірибеміздің шыңдалуына көп септігін тигізеді дейді.

Өңір ұстаздарына өз тәжірибелерімен бөлісу үшін “Cambridge University Press” және “Press Pearson” баспаларының әдіскерлері де келді. Олар мұғалімдерге ағылшын тілін үйретудің озық әдістерін көрсетпек.

 

Тео Наварро, “Cambridge University Press” баспасының әдіскері, Астана қаласы:

– Біз мұнда мұғалімдерге сабақ берудің жаңа әдіс-тәсілдерімен бөлісу үшін келдік. Бұл 7 мен 9 жас аралығындағы балаларға ағылшын тілін үйретудің тиімді әдістеріне арналған.

 

2014 ші жылдан бастап, облыстағы мектептердің барлығында 1 сыныптан бастап ағылшын тілі оқытыла бастайды. Бұл семинар үлкен жұмыстың алдындағы дайындық іспеттес.

 

Гүлнар Арықбаева, Білім саласындағы әдістемелік жұмыс және ақпараттық технологиялар орталығының директоры:

– Жиында бастауыш сыныптарда ағылшын тілін өткізудің әдістемесі қаралады. Өйткені, бізде 2013-2014 жылдан бастап барлық мектепте ағылшын тілін бірінші сыныптан бастап өткізу қолға алынды. Сондықтан мұндай семинарлар ұстаздардың бір-бірімен тәжірибе алмасуларына үлкен мүмкіндік береді.

 

Биылғы жылдан бастап өңірдегі 1 сыныптың 7 мың оқушысына ағылшын тілі пәні өткізіле бастапты. Ал, оларға 728 оқытушы сабақ беруде.

 

Бану Ахметова