Қоғам

Бірыңғай ақпараттық күн Елбасы Жолдауына арналды

 

 

Залда кәсіпкерлер, ұстаздар және депутаттар қауымы. Барлығының діттеген мақсаты бір ол Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Қазақстан-2050: Стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты халыққа арнаған Жолдауын тағы бір пысықтап өту.

 

Бақытжан Сәмиева, ақпараттық үгіт-насихат тобының мүшесі, СҚО Іскер әйелдер қауымдастығының төрайымы:

-Елбасымыз соңғы жолдауында әйелдер мәселесін өте жақсы қозғап отыр. Әйел азаматтарды қолдау керек. Өз отбасын ойлаған әр адам мемлекеттің болашағын дамытуға өз үлесін қосатын болды.

 

Жиналғандар әсіресе жолдауда баса айтылған кәсіпкерлікті дамыту және білім саласын жетілдіру мәселесіне тоқталды. 35 жылын ұстаздыққа арнаған Рахима Шаймолдина қазіргі таңда ел болашағы жастардың өсіп-жетіліп, оқуына жақсы жағдайдың жасалғандығын айтуда.

 

Рахима Шаймолдина, ардагер ұстаз:

-Президентіміздің жолдауы бізге өте қажет деп санаймын. Бұл жолдауда білім саласындағы мәселелерді көтеруге көп көңіл бөлініп отыр. Мектептер, балабақшалар ашуға көп жағдай жасалған.

 

Мемлекет басшысы бүгінде әйелдердің әлеуетін пайдаланатын кездің келгенін тағы бір рет түсіндіріп кетті. Соңғы 2 жылда өңірдегі аудан, қалалық, және облыстық деңгейдегі мәслихаттарда  әйел азаматтардың саны артқан. Қазір ол 26 пайызды құрап, аймағымыз бұл көрсеткіш бойынша республикада екінші орынға тұрақтаған.

 

Мағжан Ахмадина