Құқық қорғау органдары

Түнгі қаладағы балалар

 

 

Рейдтердің бірінде тәртіп сақшылары 6 күн бойы үйіне жоламаған 10 жастағы оқушының жүрген жерін анықтады. Бір қызығы, баланың 35 жастағы анасы  оның жоғалғаны туралы полицияға тек 4 күн өткен соң ғана хабарлаған. Нәтижесінде Жұмысшы кентінде тұратын оқушы ДСР шағын ауданындағы үйлердің бірінде бейтаныс адамдардан табылды. Бала инспекторлармен әңгіме барысында анасының ішімдікке салынуына байланысты үйіне барғысы келмейтінін айтқан.

Қазір бұл бала кәмелеттік жасқа толмағандарға арналған бейімдеу орталығында. Ал, оның шешесіне қатысты ата-ана құқығынан айыру туралы мәселе қарастырылуда.

Осылайша, ювеналдық полиция инспекторлары, әлеуметтік педагогтар мен қалалық әкімдік өкілдері бірлесіп, әсіресе, ойын-сауық орындары мен компьютерлік клубтарды аралаған.

Рейд барысында тек бір түннің өзінде 30-дан астам хаттама толтырылған жайт та бар. Олардың 7-уі жасөсіпірімдердің қараңғы түскенде ересектерсіз қыдырып жүргендеріне қатысты.

 

Данаш Хамзина