Білім

Мәнерлеп оқудан байқау

 

 

Осымен екінші жыл қатарынан өткізіліп жатқан байқау облысымыздағы мектептердің 5-8 сынып оқушыларының басын қосты. Сайысқа қатысушылар 2 аталым бойынша сынға түсті. Яғни, 45 оқушы 3 секцияға бөлініп, дәл осы жерде отандық авторлардың Елбасы жайында жазған жыр шумақтарын мәнерлеп оқыды.

Бұл “Нұрсұлтаным-жыр сұлтаным” атты жыр. Тундының авторы Нұрғожа Ораз. Шығарманы Тайынша ауданының намысын арқалай келген Гузаль Әбдуқадырова мәнерлеп оқуда. 6 сыныптың оқушысы мұндай байқауларға алғаш рет қатысып отыр екен. Аздап қобалжып тұрғанмен, жеңіске жететініне сенімді.

Ал, мына жерде 13 оқушы Тұңғыш Президентке арнаған төл туындыларын мәнерлеп оқуда.

Бұл байқауда өз бағын Ә.Досмұхамбетов атындағы дарынды балаларға мамандандырылған гимназия-интернаттың  7 сынып оқушысы Үміт Наматова да сынап жатыр. Ол өлең жазумен 6 жасынан айналысады екен. Және бүгінгі күнге дейін ақын қыз “Жұдырықтай жүректегі” атты жыр жинағын шығарыпты. Ал, Елбасына арнаған жыр шумағы “Ел ағасы” деп аталады.

“Елбасым – мақтанышым” атты облыстық байқаудың жеңімпаздары 1,2,3 дәрежелі диплом және бағалы сыйлықтармен марапатталады.

 

Бану Ахметова