Қоғам

Дін және қоғам

 

 

Бүгінде діни экстремизм мен терроризм мәселесі қоғамдағы өзекті проблемаға айналған. Бұның алдын алу үшін өңірімізде де түрлі іс-шаралар өткізіліп тұрады. Оның дәлелі бүгінгі “Дін және қоғам” атты дөңгелек үстел. Теріс ағымның жетегінде кететіндердің дені жастар екен. Сондықтан, бүгінгі бас қосуды ұйымдастырушылар қаламыздағы колледждер мен ЖОО студенттерін шақыртыпты. Олар болса, дін жайында өз көзқарастарын білдіріп, баяндама дайындап әкелген.

Дөңгелек үстел басына жиналғандардың назарына діни экстремизм мен терроризм жайында түсірілген бейнебаян ұсынылды. Қазіргі таңда діни экстремизм мен терроризмнің алдын алу үшін қалалық “Нұр” мешітінде де жастармен бірталай жұмыстар өткізіліп тұрады екен.

 

Теріс ағымдардың арбауына түсіп, қиын жағдайға тап болғандар Қазақстанның дін істері жөніндегі агенттігінің арнайы сайтына кіріп, көмек сұрай алады. Одан өзге дін жайында молынан ақпарат алуға мүмкіндік бар.

Сонымен қатар дөңгелек үстелге қатысқан студенттер өздерін толғандырып жүрген сауалдарын қойып, оған тұшымды жауап алды.

 

Бану Ахметова