Қоғам

“Сәтті қадам” жобасының екінші туры қорытындыланды

 

Гүлнар Абдуллаеваның мамандығы қаржыгер. Жұмыссыз жүргеніне 1 жыл болыпты. «Жас Отан» жастар қанаты өкілдері ұйымдастырған кездесуге келгендегі мақсаты мамандығы бойынша еңбекке орналасу. Комиссия мүшелерінің өздерінің қойған сауалдарына толықтай жауап алысымен Гүлнарға өңіріміздегі компаниялардың бірінде бағын сынап көруге мүмкіндік беретіндіктерін айтты.

 

Гүлнар Абдуллаева, жас маман:

-Олар бірқатар ескертулер жасады маған.Білімім мен біліктілігімді әлі де ұштау қажет. Оған тәжірибе барысында қол жеткіземін деп ойлаймын.

 

Телефон қоңырауын Владислав Золотноревқа да тосуға тура келеді. Комиссия мүшелері оған да мүмкіндік беретіндерін айтты. Владислав Қорған мемлекеттік университетін экономист-менеджер мамандығы бойынша тәмамдаған.

 

Владислав Золотнорев, жас маман:

-Ақпараттық технология саласында еңбек еткім келеді. Мамандығым басқа болғанымен бағымды сынап көрсем деген ой бар. Бәлкім қолымнан келер, оны тәжірибе көрсетеді.

Бұл жолғы қабылдауға келген жас мамандар саны -10. Комиссия өкілдері олардың ешқайсысын кері қайтарған жоқ. Бәрі де алдағы уақытта өз бақтарын мемлекеттік органдар мен ірі компанияларда сынамақ. Онда олар 2 айлық өндірістік іс тәжірибеден өтеді. Кейін еңбекке қабылданатынын-қабылданбайтынын жұмыс беруші өздері шешпек.

 

Самат Есмағи