Білім

Қазақ тілі мұғалімдерінің байқауы

 

“Жүзден жүйрік” облыстық байқауы жыл сайын өткізіледі. Үстіміздегі жылы конкурсқа бірқатар жаңашылдықтар енгізілген. Биылдан бастап мүйізі қарағайдай тәжірбиелі педагогтармен қатар сайысқа жас мамандар да қатысып, бақтарын сынауда. Солардың бірі – Ләзиза Жақсылықова. Ол “Дипломмен – ауылға” бағдарламасының қатысушысы. 2 жыл бұрын Шал ақын ауданындағы Астаған негізгі мектебіне орналасыпты. Бұл байқаудың жастар үшін берері мол дейді жас маман.

 

Ләзиза Жақсылықова,Астаған негізгі мектебінің қазақ тілі пәнінің мұғалімі, Шал ақын ауданы:

-Байқауға келгендегі негізгі мақсат 2 жылда алған білімім мен алған тәжірибемді көрсету. Жақсы дайындалдым.3-ші кезеңде мен «Қазақ тілін оқытудың методикасы» атты жобаны қорғаймын.

 

Байқауға қатысушылар 4 кезеңді бағындыруы қажет. Ол 25 сауалдан тұратын тест сұрақтарына жауап беру, авторлық байқау жұмыстарын қорғау және соңғысы идеялар жәрмеңкесі деп аталады.

 

Гүлдерай Қайнетова, «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» АҚ СҚОФ кафедра меңгерушісі:

– Биылғы байқауда 3 деңгей ұстаздары қамтылып отыр. Мектепке дейінгі білім беру мекемелерінің, жалпы білім беретін оқу орындарының ұстаздары қатысуда. Кез-келген қатысқысы келетін ұстаз қатысуға мүмкіндік алды.

 

Екі күнге созылатын байқау қорытындысы ертең жарияланады. Жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар атанғандар ақшалай сыйлықтар және дипломдармен марапатталады.

 

Мағжан Ахмадина