Қоғам

Әскери институтта озаттар марапатталды

 

Бұл шара жазғы аттестацияны жақсы тапсырып, ҚР ІІМ ішкі әскерінде бірнеше жыл қызмет еткен офицерлерге арналды. Олар барлық негізігі пәндер мен әскери дайындықтардан мүдірмей өткен. Тексеріс қорытындысы бойынша 4 офицер үздік деген атаққа лайық деп табылды.

Үздік 4 офицердің қатарында жалғыз нәзікжанды – Елена Истомина да бар. Бұрымды офицер кадрлар бөлімінде қызмет атқарады. Оның ішкі істер органдарында жүргеніне 16 жылдың жүзі болыпты. Әскери қызметкер осыдан екі жыл бұрын капитан шенін алыпты. Осы уақытқа дейін ол екінші дәрежелі «Қайсар» кеуде белгісі мен медальдарға ие болған.

 

Елена Истомина, ҚР ІІМ Ішкі әскерлері Әскери институты кадрлар бөлімінің офицері:

– Біз бұл аттестацияға 1 жыл дайындалдық. Әрине қиындықтар болған жоқ деп айта алмаймын. Қобалжу болды. Дегенмен күнделікті дене шынықтыру жаттығуларын жасадық. Осының арқасында сынақты жақсы тапсырдық.

 

Үздік офицер атанғандардың қатарынан майор Жолдасбай Нүркешев те көрінді. Ол да өзгелермен бірге жазғы оқу тексерісі кезінде жақсы нәтиже көрсеткен. Жолдасбай Нүркешев ІІО қызмет етуді бала кезінен армандапты. Сөйтіп, асқақ арманын жүзеге асыру үшін өмірін әскери саламен байланыстыруды жөн санаған.

Үздік деп танылған 4 офицер грамота мен бағалы сыйлықтарға ие болды. Марапаттау салтанаты концертке ұласты.

 

Бану Ахметова