Мәдениет

Жас суретшілер халықаралық байқауларда көзге түсті

 

Халықаралық балалар суретінің байқауы Литвада осымен 10-шы рет ұйымдастырылған. “Славянский родник” конкурсы 13 елден 370-тен астам жас суретшінің жұмысын біріктірді. Байқауға Қазақстаннан 6 мектептің, атап айтқанда, Алматы, Қарағанды, Павлодар, Семей және Петропавлдың оқушылары қатысты. Жергілікті көркемсурет лицейінен бірден 26 жұмыс ұсынылған. Бірақ, Полина Старыгинаға ғана халықаралық дәрежедегі конкурстың дипломанты атану бақыты бұйырыпты. 10 жастағы суретші қыз қылқалам өнеріне 4 жыл бойы қызығушылық танытып жүр.

 

Полина Старыгина, “Юнеско клубы” көркемсурет лицейінің тәрбиеленушісі:

-Мынау сол байқауға жіберілген гуашпен орындалған кескіндеменің көшірмесі. Мен дәстүрлі конкурстан орын аламын деп ойламадым. Өйткені, дүние жүзінде менен де әдемі салатын қыздар бар ғой. Мен жай ғана қызығушылық танытқан едім. Керемет қылқалам шеберлері менің суретімді бағалағанына таңданып қалдым. Содан кейін осы іспен мықтап айналысамын деген ойда жүрмін.

 

Ал, Олеся Зайковская 2 жылда 1 рет өтетін жас суретшілердің азиялық жобасына қатысқан. 25 елмен қатар бұған Қазақстан елінің оқушылары 1990 жылдан бері қатысып жүр. Бұл байқау арқылы ұлтаралық келісімді насихаттайтын ұйымдастырушылар әр елдің өмір сүру салтын балалардың көзімен байқағысы келген. Ольга Кириченко 14 шәкіртінің туындысын жіберіпті. Бірақ, әділ қазыларға Олесяның суреті ерекше көрініпті.

 

Олеся Зайковская, “Юнеско клубы” көркемсурет лицейінің тәрбиеленушісі:

-Азиялық көрмеге жолданған бірнеше суретімде мен өмірімнің тамаша сәттерін бейнеледім. 1-ші қолөнерімді бисермен өрнектедім. 2-ші туындым “Еске алу күні” деп аталады. Естелік ретінде мен оны кезінде көлік қағып кетіп, мерт болған қызға арнадым. Қысқа эпизодттарды, құбылыстарды көбінесе қарандаш, фломастермен әрледім.

 

Сондай-ақ, көркемөнер лицейінің 5 оқушысы жуырда Алматы қаласында Америка, Корея, Австриядан келген өнер майталмандарының шеберлік сабақтарына қатысып оралған.

 

Дарина Габдуллина, “Юнеско клубы” көркемсурет  лицейінің тәрбиеленушісі:

-Алматы қаласындағы “Өрнек” лагерінде өткен шеберлік сабағында  әлемге танымал суретшілерден тәлім алдық. Оның бірі америкалық Трэйси Ли Стам 3Д суретінен береді. Оның 3Д форматында салынған суретттері маған керемет ұнады. Одан басқа Кореялық дизайнер Энди Ри біздің көзімізді жұмғызып, бейнені кескіндеуге үйретті. Ал, Венадан келген композитор, пианист  Роберт Побичкамен музыка әлдеміне сапар шектік. Бұл жандар маған бір ғажайып, ұмытылмас әсер қалдырды.

 

Даринаны тәнті еткен тұлғалар өз өнерлерімен   Гиннестің рекордтар кітабына енген екен.

 

Берік Қасен