Құқық қорғау органдары

Троллейбус сауда бутигін соқты

 

Жол-көлік оқиғасы қарашаның 18-інде кешкі сағат 6  шамасында орын алды. Қоғамдық көліктегі кондуктордың айтуынша, ол кезде 1-ші бағыттағы троллейбустың ішінде бірсыпыра жолаушы болған. Көбі жұмыстан үйлеріне бара жатқан. Оқиғаның анық-қанығын жүргізушіден білмек болғанымызда, троллейбус паркінің басшылығы жолымызды бөгеп, жауап беруден үзілді-кесілді бас тартты.

Қазір жол-көлік апатына қатысты әкімшілік полиция инспекторлары тергеу амалдарын жүргізіп жатыр.

 

Андрей Харченко, СҚО ІІД ӘПБ бөлімінің инспекторы:

-1-ші бағыттағы троллейбустың жолын аяқ астынан жеңіл көліктің жүргізушісі кескен. Тәртіп бұзған жүгенсізді қазір іздестірудеміз. Анықтау шаралары жүріп жатыр. Тұрғындар бұл апаттан дін аман.

 

Дегенмен, көлік соғылып қалған 2 сауда дүңгіршегіне біраз зақым келген. Бутиктердің терезелері сынып, қабырғасында жарық пайда болыпты. Қазір сауда нысандарының иелері шығынды есептеп жатыр. Айту керек, қаламызда троллейбустардың қатысуымен орын алып отырған бұл алғашқы апат емес. Жыл басынан аталмыш қоғамдық көлік жүргізушілерінің кінәсінен 2 жол-көлік оқиғасы тіркелді. Салдарынан 2 адам түрлі дене жарақаттарын алған.

 

Берік Қасен