Білім

СҚМУ студенттері сапалы білім алуда

 

 

83,46 балл. Бұл М.Қозыбаев атындағы СҚМУ студенттерінің білім сапасын сыртқы бағалау сынағында алған ұпайлары. Қарашаның 6- 9- ы аралығында өңіріміздегі іргелі жоғарғы оқу орнының 800 студенті тест тапсырған болатын. 30 мамандықтың тізгінін ұстағандар сында жақсы нәтиже көрсеткен. Студенттердің білім дәрежелері өткен жылғымен салыстырғанда әлдеқайда жақсы.

 

Татьяна Гапчич, СҚО білім саласындағы бақылау департаментінің білім сапасын сыртқы бағалау бөлімінің басшысы:

-Студенттер 4 профильді мамандық бойынша сынақ тапсырды. Әр пән 25 сұрақтан тұрды.Кейбір сұрақтарда екі жауап дұрыс болды. Сондықтан студенттер логикалық ойлау қабілеттерін қосып, алған білімдерін дәлелдеуі тиіс. Бізде ең жоғарғы балл 160. Ал ең төменгі көрсеткіш 29 ұпай. Дегенмен нәтиже жаман емес.

 

Еліміз бойынша 111 ЖОО-ның 72 мыңнан астам студенті сынақ тапсырған. Жалпы аталмыш шара оқушылардың білім деңгейін, мамандарды даярлау сапасын саралау үшін 3 жылдан бері өткізіліп келеді.

 

Мағжан Ахмадина