Салық басқармасы

Патент құнын есептеуді мерзімінде тапсыру керек

 

 

Жылан жылының аяқталуына 1 ай 12 күн қалды. Сондықтан жеке кәсіпкерлер патент құнының есебін тапсыруға асыққандары жөн. Немесе осыған дейінгісінің мерзімін ұзартуы керек. Негізінде патент 1 айға ғана беріледі.

Бүгінгі күні Петропавлда 18 мыңға жуық жеке кәсіпкер бар. Олардың 25 пайызы патент негізінде жұмыс істейді. Айта кету керек, патент құнының есебін салық төлеушінің кабинетіне кіріп алуға да болады.

Жеке кәсіпкер патентті уақтылы алмаған жағдайда   алдымен ескерту беріледі.  Ал, екінші рет 15 айлық есептік көрсеткіш, яғни 26 мың теңгедей айыппұл төлейді.

 

Бану Ахметова