Қоғам

«Менің Президентім – менің көшбасшым»

 

 

Тұңғыш Президент күніне орай өткен конференцияда студенттер тәуелсіз қазақ елінің дамуына Елбасының қосқан үлесі туралы әңгімеледі. Жиында елге, оның дамуына зор еңбек сіңірген Елбасының жетістіктері жайлы айтылды. Әйгерім Жазитованың «Томирис» гендерлік білім беру орталығына мүше болғанына 1 жыл ғана болыпты. Осы уақыт аралығында талай іс шараларды еңсердік дейді. Бұның барлығы Елбасының жастарға қолдау көрсетуінің жемісі деп біледі ол.

 

Әйгерім Жазитова, «Томирис» гендерлік білім беру орталығының мүшесі:

-Жаз бойы біз көптеген шаралар өткіздік. ҰОС ардагерлерімен кездесіп, оларға көмек көрсеттік.

Ұлт көшбасшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың осы уақыт аралығында атқарған жұмыстары баршаға үлгі. ҰОС ардагері Петр Гладков қазір елімізде жасалып жатқан тың істерге риза. Қиын замандарды басынан өткерген мемлекетімізді толағай табыстарға бастаған көшбасшымызды әрқашан құрметтеу керек дейді ардагер.

 

Петр Гладков, ҰОС ардагері:

– Біз қиын заманда өмір сүрдік. Біз елімізді азат ету үшін күрестік. Қазір міне бейбіт заманда күн кешудеміз.Мемлекетіміз қарыштап дамып келеді. Біздің заманымызда мынадай әсем мектептер болған емес. Барлығы күннен күнге жақсаруда. Елбасымыздың салиқалы саясатының арқасында барлық ұлттар бір шаңырақ астында татулықта, бірлікте өмір сүруде.

 

Жиын соңы концертке ұласты.

 

Мағжан Ахмадина