ТКШ

Петропавлда 145 отбасы жыл соңына дейін жаңа баспанаға ие болады

 

Мына Жеңіс көшесі, 4б мекен-жайындағы көпқабатты үй Жаңа жыл қарсаңында қолданысқа берілмек. Енді баспана кезегін күткен жанұяларға 55 пәтердің кілті табысталмақ. Бұл 5 қабатты үй 1 жыл ішінде тұрғызылған.

 

Серік Махметов, СҚО бойынша құрылыс басқармасы басшысының орынбасары:

-2012 жылдың қаңтар-қазан айларында 65,7 мың шаршы метр  тұрғын үй тапсырылды. «Қол жетімді тұрғын үй» бағдарламасы бойынша Петропавл қаласында 2 жалдамалы және Тайынша қаласында 24 жас отауға үй бердік.

 

Банк екі бағдарлама бойынша пәтерлерді тапсырады. Өткен жылы «Қолжетімді тұрғын үй-2020» бағдарламасы аясында 180 пәтерлі 2 баспана қолданысқа берілген. Биыл тағы жыл соңына дейін 3 үйді тапсыру жоспарланып отыр.

 

Балахмет Мөлдинов, “Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі” АҚ облыстық филиалының директоры:

– 55 пәтерлік үй осы қараша айында ал, 90 пәтерлік үй желтоқсан айында беріледі деп жоспарлануда. Одан басқа былтыр 45 пәтерлік үйдің құрылысын бастап еді, биыл бітпей жатыр. Оны біз енді келесі жылдың тамызында барлық санаттағы азаматтарға «Қолжетімді баспана» бағдарламасымен тапсырамыз.

 

Желтоқсанның басында «Жас отау» жобасы аясында 75 жас жанұя да баспаналы болады. Оны қалалық әкімдік салымшының жинақталған балына қарап тапсырады.

 

Балахмет Молдинов, “Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі” АҚ облыстық филиалының директоры:

-Оған 29 жастан аспаған жастар өтініш бере алады. Сосын 2 жыл кемінде бірге тұрып жатқан. 1 жыл бірге тұрса 5 балл, 2 жыл – он балл болады. Бала да есепке алында 1 бала болса – 20 балл, 2-ші балаға – 30 балл қосылады. Солай балдарын санап әкімдік бізге тізімге іліккен салымшылардың аты-жөндерін береді. Сосын біз олардың жалпы жиналған сомасын санаймыз. Бәрі дұрыс болса, олар 8 жыл тұрып, бізден жинақ есепшотын ашып ақшаларын жинау керек. Егер де олардың салымы жетсе, сол тізімді әкімдікке қайтарамыз.

 

Бүгінгі күні “Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкінде» 12 мыңға жуық салымшы бар.

 

Берік Қасен