Мәдениет

Жаңа кітаптың тұсауы кесілді

 

Бұл Диляра Хасанованың жарыққа шығып отырған осымен 4-ші кітабы. Өзге жазған дүниелерінен ерекшелігі – соңғы туындысында бірнеше адамның өмірбаяны көрініс тапқан. Бұған дейінгі жинақтарын автор негізінен мәдениет саласына арнаған екен. Ал, бұл жолы “Портреты словами” атты туындыға ата тегі, өзі мен өмірінде кездестірген тұлғалар туралы естеліктер кірген. Мәселен, автордың кітабының бірінші бөлімінде атасы 5 облысты басқарған би болғаны жайында айтылған. Кітап 150 дана болып басылған. 330 беттен тұрады. Және 3 бөлімді қамтиды. Туындыны жарыққа шығару үшін жерлесіміз 1,5 жыл еңбектенген.

 

Диляра Хасанова, СҚО Қазақстан халқы ассамблеясы “Түрік мәдениеті” ҚБ төрағасаның орынбасары:

– Менің айналамда болған жандарға алғысымды айтқым келеді. Өйткені сол тұлғалар менің өмірде өз жолымды тауып, осындай дәрежеге жетуіме көмектесті. Әрине, ең бірінші ол – менің ата-анам. Кітабымда тек өзім туралы ғана емес, өмірімде кездестірген жандар жайында сыр шерттім. Өйткені, біз әр түрлі кезеңдерді бастан өткердік.

 

Кітаптың тұсау кесеріне автордың жора-жолдастары мен әріптестері келді. Тіпті кейбірі Диляра Хасанованың еңбегі жуырда ғана жарық көрсе де, туындыға қызығушылық танытып, кітапты жіті оқып шығыпты.

 

Владимир Лебедев, Петропавл құрылыс-экономикалық колледжінің оқытушысы:

– Мен Диляра Григорьевнаның барлық 4 кітабын оқып шықтым. Маған соңғысының бірінші бөлімі ерекше әсер етті. Мұнда автор өз әкесі жайында құнды дүниелерді жазыпты. Тек өзі жайында ғана емес, өмірінде кездестірген ұлы тұлғалар жайлы да білуге болады.

 

Диляра Хасанова келесі жылы ҚР мәдениет қайраткері Валерий Хреновтың 75 жылдығына орай фотоальбом жинақтамақ ойда.

 

Бану Ахметова