Білім

Солтүстікқазақстандық оқушылар республикалық олимпиададан жүлделі орындармен оралды

 

“Бөбек” орталығында өзін-өзі тану пәнінен өткен республикалық олимпиадада өңірімізден 7 мектептің оқушылары бақтарын сынаған. Еліміздің әр облысынан қатысқан сайыскерлердің арасында Павлодар, Қарағанды, Солтүстік Қазақстанның оқушылары суырылып алға шығыпты.

 

Шарғия Мұқышева, № 20 орта мектеп директоры:

-Осы топты басқарып алып бардым. Осыдан бірнеше жыл бұрын өзін-өзі тану пәні енгізілді. Эксперименталды алаң біздің мектепте құрылған болатын. Сол мерзім ішінде біз талай «Бөбек» орталығына барып, өз тәжірибемізді өткізіп, дәптердің жазылуына, сапалығына үлесімізді қостық.

 

Жергілікті оқушылар олимпиададан мол әсер алғандарын айтады. Сайыс бірнеше кезеңді қамтыған. Қатысушылар тест тапсырмаларын орындап, еркін тақырыпта эссе жазған. Байқауға қатысқан қаладағы № 20  орта мектептің 8 сынып оқушысы Әділ Мырзахметов “Бәрін де жүрекке бағындыр” тақырыбындағы эссені таңдап, осы бағытта ой қозғаған.

 

Әділ Мырзахметов, № 20 орта мектетің 8 сынып оқушысы:

-Ең қиыны эссе жазу болды.

 

Ал Фариза Дүйсенбаева болса, қазылар алқасына өзін-өзі тану пәнінен арнайы слайд көрсетілімін ұсынды. Оқушы жұмысында жас буынның тұлға болып қалыптасуындағы білім мен тәрбиенің қатар жүруінің рөлі көрініс табады.

 

Фариза Дүйсенбаева № 3 Смирнов орта мектебінің 9 сынып оқушысы, Аққайың ауданы:

-Презентацияға келсек, сахнаға шығу өте қиын.

 

Өзін-өзі тану пәні оқушының тұлға ретінде қалыптасуына, дамуына, өз бетінше шешім қабылдай алуына және айтқан сөзі мен істеген әрекеттері үшін жауапкершілікті сезіне білуге тәрбиелейді.

 

Бақыт Сәдуақасов