Қоғам

Ашық есік күні құқықтық статистика мәселелеріне арналды

 

Жыл басынан құқықтық статистика басқармасы мемлекеттік және құқық қорғау органдарындағы есептік-тіркеу тәртібінің дұрыс орындалмауына қатысты 87 тексеріс жүргізген. Сөйтіп, тіркелуден жасыру бойынша 23 арыз бен 8 қылмыс анықталды. Сондай-ақ, 52 акт толтырылып, 56 тұлға жауапкершілікке тартылды.

 

Жанар Ілияс, СҚО бойынша ҚР Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу комитетi басқармасының басшысы:

– Құқықтық статистика жұмысын түсіндіру үшін ашық есік күнін өткізіп отырмыз. Біз үшін ең бастысы ел азаматтарының құқығын қорғау болып табылады. Және бүгінгі шарада біз келушілерге 3 жобаны түсіндіреміз. Ол кәсіпкерлердің құқығын қорғау яғни “Бизнес тірегі”, екіншісі “Айқын”, ол – азаматтардың құқықғын қорғау, соңғысы “Электронды өтінішті тіркеу кітабы” болып табылады.

 

Сонымен қатар, кездесуде мемлекеттік органдарға жастардың жұмысқа орналасу тәртібі түсіндірілді. Яғни, бінеше кезеңді бағындырғаннан кейін, азаматтар арнайы 10 күндік тәжірибеден өтеді екен.

Ашық есік күніне ЖОО заң факультетінің студенттері де қатысты. Олар өздерін толғандырып жүрген сұрақтарын қойып, оған тұшымды жауап алады.

 

Алтынай Ақылбекова, М.Қозыбаев атындағы СҚМУ студенті:

– Университеттің түлегі болғандықтан мұндай кездесулер біз үшін маңызды. Өйткені, соңғы курста оқып жатқандықтан, мені жұмысқа ораналасудың тәртіптері қызықтырады. Және мен бұл кездесуден екі қолға бір күрек табу үшін қандай құжаттардың қажет екенін білдім.

 

Бұдан басқа ашық есік күніне қатысушыларға құқықтық статистикалық органның қалыптасу тарихы да айтылды.

 

Бану Ахметова