Қоғам

Мемлекеттік қызметтегі жаңашылдықтар

 

Үстіміздегі жылдың наурыз айында ҚР мемлекеттік қызмет мәселелері туралы кейбір заң актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізілген болатын. Бұл осы бағыттағы жұмысты жетілдіру мақсатында. Жиынға келгендер мемлекеттік қызмет байқауына қатысу және байқау комиссиясын құру тәртібімен танысты. Әсіресе, бақылаушылардың іс-әрекетін этикалық тұрғыдан қарастыруға ерекше көңіл бөлінді.

 

Лидия Губарева, Мемлекеттік қызметшілерді аймақтық оқыту орталығының оқытушысы:

-Бұл жерде бақылаушылар билік пен қоғам қарым-қатынасының айнасы ретінде рөл атқарады. Тағы да олардың міндеті – қателерді байқап, ескертулерді айтып қана қоймай, конкурсқа қатысушылардың құқығының бұзылуына жол бермеу.

 

Марат Әбілевтің мемлекеттік қызметте жүргеніне 20 жылдан асқан. Аталған салаға қатысты байқауды өткізуде бұрынғы мен бүгінгінің арасында айтарлықтай айырмашылық болмаса да, алған бағытымыз бір, ол – мөлдірлікті қамтамасыз ету дейді.

 

Марат Әбілев, ҚР АШМ ветеринарлық бақылау және қадағалау комитеті СҚО аумақтық инспекциясының бөлім басшысы:

-Президенттің қол қойған жарлығы бойынша мемлекеттік қызметке өзгерістер енгізіліп жатыр. Соның бір өзгешелігі – мемлекеттік қызметке кірген кезде конкурстық комиссияның құрамына бақылаушылар да қабылдануда.

 

Мемлекеттік қызметшілерді таңдау әділ өтуі маңызды. Өйткені, барлық талапқа лайықты болған азамат кейін де өз міндетіне аса жауапкершілікпен қарайтындығы сөзсіз. Семинарға қатысушылар мәселеге қатысты өз сұрақтарын қойды. Олардың түйген ой-пікірлері, ұсыныстары алдағы уақытта Астанадағы Агенттікке де жеткізіледі.

 

Данаш Хамзина