Қоғам

ХҚКО-да жаңа қызмет түрлері көрсетілетін болады

 

 

Жақында еліміздегі ХҚКО  жаңадан 19 мемлекеттік қызмет түрін көрсете бастайды. Оның үшеуі мүмкіндігі шектеулі жандарға қарастырылған. Бүгінде қалада 10 мыңнан астам мүмкіндігі шектеулі жан бар. Олардың кейбірлеулері өздігінен мемлекеттік қызмет түрлерін пайдалана алмайды. Енді жарымжан адамдар қызмет көрсету орталығындағы мобильдік топтың көмегіне жүгіне алады. Орталық қызметкері тапсырыс берген 1-ші топтағы мүгедектердің құжаттарын үйлеріне барып рәсімдейді.

 

Асхат Бакеев,Петропавл қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру бөлімінің сектор меңгерушісі:

Бұған дейін мүмкіндігі шектеулі жандарға 3 қызмет түрін біз көрсетіп келдік. Енді, келесі жылдан бастап ХҚКО көрсететін болады. Бұл өздігінен қозғала алмайтын яғни арбаға таңылған мүгедектерге арналған. Қызмет көрсетуге қажетті құжаттар мүгедектігін растайтын және жеке куәлік.

 

Халыққа әзірге бұл жаңа қызмет түрлері көрсетілмейді. Дегенмен мұндағы қызметкерлер мүгедектерге қосымша қызметтерді көрсетудің жолдарымен танысты. Жаңа қызмет түрлері халыққа 2014 жылдан көрсетіледі деп жоспарлануда.

 

Бану Ахметова