Қоғам

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелеріне арналған семинар-кеңес

Ар-намыс кодексі мен сыбайлас жемқорлыққа қатысты заңнаманы бұзған аудан әкімдерінің істері бұрындары тәртіптік кеңес отырыстарында қаралып келген-ді. Мемлекеттік қызметтің жаңа концепциясына сай ендігі жерде «А» корпусындағылардың ісі ҚР Президенті жанындағы ұлттық комиссия, болмаса облыстық кадрлық комиссия отырысында қаралатын болды.  Үстіміздегі жылдың 9 айы ішінде көз қысты, бармақ бастылыққа жол берген 72 мемлекеттік қызметші жауапкершілікке тартылған. Бұл көрсеткіш өткен жылдың сәйкес мерзімімен салыстырғанда біршама төмен. Десе де 2012 жылы мемлекеттік аттестацияға қатысты ереже бұзушылықтар көптеп кездессе, биыл заңбұзушылықтардың дені бос орындарға конкурс жариялау кезінде орын алған. Сондай-ақ, бірқатар мемлекеттік органдар кінәлі тұлғаларды тәртіптік жауапкершіліке тарту ережелерін елемейтін көрінеді.

 

Дархан Аргенов, ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің СҚО бойынша департаменті инспекция және бақылау бөлімінің инспекторы:

– Тәртіптік жауапкершілікке тарту ережесін бұзудың фактілері Уәлиханов, Ғ.Мүсірепов, Айыртау және Қызылжар аудандары мен Петропавл қаласында тіркелген. Онымен қоса кей мемлекеттік қызметшілер тәртіптік жауапкершілік жайлы берілген хатпен таныспайды. Тәртіптік комиссия мүшелерінің саны бірқатарында заңға сай келмейді.

 

Кеңес соңында тәртіптік кеңестің қадағалау жұмысын күшейту қажеттігі айтылды.

 

Мағжан Ахмадина