Қоғам

СҚМУ-де “Нұр Отанның” жаңа доктринасы талқыланды

“Нұр Отан” партиясының жуырда қабылданған саяси доктринасы өңірімізде қызу талқылануда. Ел үшін аса маңызды құжатта Мемлекет басшысының «Қазақстан-2050» стратегиясын жүзеге асырудағы партия мүшесінің әрбірінің рөлі айқындалған. Қазақ елін дамудың дара жолына бастау – елдегі ең қуатты саяси күш «Нұр Отанға» жүктелгенімен, бұл бағытта жастар да қалыс қалмау керек екендігі айтылды бүгінгі жиында. СҚМУ  студенттері мен оқытушылары, жалпы 1500 адам «Нұр Отан» партиясына мүшелікке кірген. Яғни, ЖОО партиямен етене байланыста.

 

Оңдасын Әшімов, “Нұр Отан” партиясының СҚОФ саяси кеңес бюросының мүшесі:

– Елімізді дамыту жолында жаңа қазақстандық патриоттарды тәрбиелеу жұмыстары жүргізілуде. Студенттердің интеллектуалдық және шығармашылық мүмкіндіктерін дамыту үшін бар жағдай жасалған. Бүгінде біз студенттер мен жастар арасында Елбасының жолдауына қатысты ақпараттық түсіндіру жұмыстарын жүргізудеміз.

 

Бүгінде аталмыш оқу ордасында 5 мыңнан астам студент білім алады. Тарих және құқықтану факультетінің 3 курс студенті Асқар Баймұқанов «Нұр Отан» партиясының доктаринасымен жіті танысып шығыпты. Студент ең алдымен елімізде сыбайлас жемқорлықты жою қажет деген ойда.

 

Асқар Баймұқанов, М.Қозыбаев атындағы СҚМУ студенті:

– Партияның доктаринасында жастарға көп көңіл бөлінген. Сондықтан ондағы жүктелген міндеттер біз үшін маңызды деп ойлаймын. Жастар өз арамыздағы жемқорлыққа қарсы тұруы керек. Кейін жалпы қоғамның дамуына бөгет болатын көз қысты, бармақ бастылықты ауыздықтау қажет.

 

Ал, журналистика бөлімінің 3 курс студенті Екатерина Смирнова қазақ тілін білу – азаматтық парызымызбен қоса, ұлтқа деген құрмет болып табылады дейді.

 

Екатерина Смирнова, М.Қозыбаев атындағы СҚМУ студенті:

– Құжатта қазақ тілінің дамуына, қолданыс аясын кеңейтуге назар аударылады. Және көптілділікке де көңіл бөлінуде. Бұл заман талабы деп ойлаймын.

 

Жиында доктринаның 7 бағытының барлығы сараланды. Осы құжатта елбасы айқындаған міндеттерді жүзеге асыруға  университет студенттері мен оқытушылары бір адамдай атсалысамыз дейді.

Бүгінде солтүстікқазақстандық ЖОО студенттері 49 мамандық бойынша білім алады. Оларға 1000-нан астам ұлағатты ұстаздар сабақ береді.

 

Бану Ахметова