Құқық қорғау органдары

Петропавлда мас полицей машинамен екі адамды соғып кетті

Абырой болғанда, жапа шеккендер аман, екеуіне де медициналық көмек көрсетілді. Ал, құрықталған тәртіп сақшысы мас күйінде болғанына қоса, ағымдағы жылдың ақпан айында рөльге ішімдік ішіп алып отырғаны үшін көлік жүргізу куәлігінен де айрылған.

 

Мәдина Балғашоқова, СҚО ІІД баспасөз қызметінің басшысы:

СҚО ІІД Тәртіптік кеңесінің шешімімен полиция капитаны ішкі істер органдарынан қызметтен босатылды. Адамдарды автокөлікпен соғып кету фактісі бойынша әкімшілік материал жиналып, сотқа жолданды.

Бұл осы айда мас полиция қызметкерінің қатысуымен болған 2-ші жол-көлік оқиғасы. Тек өткен аптада бір полковник осындай былығы үшін ішкі істер органдарынан шығарылды.

Данаш Хамзина