Спорт

Шахматтан облыстық турнир

 

 

Турнирге қатысушылардың саны жыл санап артып келеді. Бұл жолы қала мен ауданның 48 спортшысы 4 күн бойы өзара мықтыны анықтасты. Ойыншылардың тәжірибесі жоғары – арасында аталған спорт түрінен ҚР спорт шеберіне үміткерлер де, түрлі разряд иелері де бар.

 

Салтанат Мұқанов, жарыс төрешісі:

– Ауылдық жерлерде шахмат ойнаушылардың саны артып келеді. Олардың арасынан жақсы спортшылар шығуда. Тек шахматтан ғана емес, басқа спорт түрлерінен де баршылық.

 

Жарыста жасөспірімдер де бақтарын сынады. Солардың бірі – Дамир Байқадамов. 15 жасар шахматшы осы күні 1-разрядқа қол жеткізіп үлгерген. Спортшының қоржыны түрлі наградаларға толы. Бүгінгі додада да Дамир 2-ші орынды иеленді.

 

Дамир Байқадамов, жарысқа қатысушы:

– Бұл қызықты спорт түрлерінің бірі. Маған өте ұнайды. Шахматта көп ойлану керек, өз логикаң да болуы қажет. Және зейін қойып ойнау қажет. Сондықтан да бұл өте қызықты.

 

Ал, ересектер үшін ойын тек өзара мықтыны анықтау ғана емес. Аға буын өкілдері шахмат тақтасының алдында кездесіп, тынығып қайтады.

 

Жеңіс Нұғұманов, жарысқа қатысушы:

-Шахмат ойнағанда миың демалады. Және өз бағыңды санап, өзге спортшылармен күш сынасып көресің. Сондықтан маған спорттың бұл түрі өте ұнайды.

 

Өткен жарыстың қорытындысы бойынша ересектер арасында Петропавл қаласының спортшысы Жанат Аспанов пен М.Жұмабаев ауданынан келген Әсел Жанахметова жеңіске жетті. Ал, мектеп оқушылардың арасында үздіктердің қатарынан тайыншалық Василий Пащенко және М.Жұмабаев ауданының намысын арқалаған Варвара Воронцова көрінді. Жарыста жеңіске жеткен спортшылардың дені ел құрамасына енбек.

 

Бану Ахметова