ТКШ

Құбыр жөндеуден кейін жолдарды қалпына келтіруге 11 млн теңге бөлінді

 

Жақында “Қызылжар су” кәсіпорыны мына жерде апаттық жұмыстар жүргізген. Зақымданған құбырларды жөндеп, шұңқырды жауып, асфальт төсеген. Бұл жұмысты жасамас бұрын топырақтың толығымен шөгуін тосу керек еді дейді Сергей Визеров. Бірақ, оған қағаз жүзінде рұқсат берілмейді. Осылайша, сапасыз орындалған жұмыстан ақша желге ұшты.

 

Сергей Визеров, “Қызылжар су” ЖШС бас инженері:

-Біз жақында мына тұрған Интернациональный, 38 мекен-жайында зақымданған құбырларды жөндедік. Одан кейін талап бойынша ол жерге бірден асығып асфальт төседік. Міне, енді нәтижесін көріп тұрсыздар. Ақшамыз желге ұшты. Енді басқа жердегі құбырларды ауыстыруға жұмсалатын қаражатымызды, осы жерге қайта жұмсаймыз.

 

Қазіргі таңда қаладағы кәріздік жүйелердің 60 пайызы әбден тозған. Кеңес заманында коллекторлар салынғаны ескерілмей, қазір ол жерлерде түрлі ғимараттар тұр. “Қызылжар су” кәсіпорнының бас инженері су құбырлары төселген жерлерді пайдалануға болмайды дейді.

Кейін  БАҚ өкілдеріне Жамбыл көшесіндегі 196 а үйдегі жертөле көрсетілді. Ғимарат осыдан 7 жыл бұрын салған. Мердігерлер су қысымына шақталмаған ішкі диаметрі кішкентай арзан пластмассалық құбырларды орнатыпты. Салдарынан кешке жоғары қабаттағы тұрғындарға тіршілік көзі жетпей қалады.

 

Сергей Визеров, “Қызылжар су” ЖШС бас инженері:

-Жертөледегі жұмысқа жауапты пәтер иелері кооперативі төрағалары құбырларды ауыстырғанда лицензиясы бар мекемелерден көмек сұрамай, гидравликалық ақпараттан бейхабар адамдардың қызметіне жүгінеді. Міне, басты мәселе арзанқол жұмысшылар мен арзан материалда болып отыр.

 

3-ші проблема көпқабатты үйлердегі кәріз жүйесі ластанған кезде жертөлені су басады. Тұрғындар мен пәтер иелері коперативі жаланы “Қызылжар су” серіктестігіне жаба салады деп отыр Сергей Визеров.

 

Сергей Визеров, “Қызылжар су” ЖШС бас инженері:

-Бүгінде 1036 көпқабатты тұрғын үйдің 30 пайызында канализациялар тесілген. Біз ол үйлердің барлығына дер кезінде өрт сөндіру, не жедел жәрдем қызметкері сияқты тез келе алмаймыз. Өйткені, бізде мың үйге 3 бригада ғана жауапты. Олар белгіленген уақыт пен норма бойынша жұмыс атқарады.

 

Бұл орайда бас инженер өз қалтасынан қаражат шығарып, шығындалатын тұрғындарға істі бастар алдында, міндетті түрде кәсіби мамандардың кеңесіне құлақ асу керектігін тағы да қадап айтты.

 

Берік Қасен