Мәдениет

Поляк әншісі Катажина Анна Хенсының концерті

 

 

Польшаның Тәуелсіздігі күні Варшава қаласының орталығында әскери шеру, концерттік бағдарламамен аталып өтіледі. Айтулы күнді өңірімізде тұратын поляк диаспорасы да назардан тыс қалдырмай, мерекелеуде.

 

Анатолий Крашевский, “Коперник” облыстық поляк орталығының төрағасы:

– 18 ғасырда Польша өзінің толыққанды мемлекет екендігін барша жұртшылыққа дәлелдеді. Барлық поляк ұлтын осы атаулы күнмен құттықтағым келеді.

 

Тәуелсіздік күніне орай опера және шіркеу әншісі Катажина Анна Хенсы Петропавлға арнайы келіп, бауырластарына концерттік бағдаламасын ұсынды. Сахнада негізінен поляк халық әндерін орындаған дарын иесі кешті “Богородица” әнімен ашты. Бұл туындыны сарбаздар ұрыс кезінде шырқаған көрінеді.

Әнші Петропавлға арнайы шақыртумен келіпті. Бүгінде Катажина Анна Хенсы Қарағанды қаласының кафедралдық соборында музыкалық іс-шараларды ұйымдастырады.

 

Катажина Анна Хенсы, опера және шіркеу әншісі:

-Барлық поляктар – өз елінің патриоты. Біз өз салт-дәстүрімізге берікпіз. Поляк ұлтының талай өкілі қиын жылдары қасірет көріп, жапа шекті. Петропавлда тұратын поляк диаспорасы өз елін әрдайым сағынады, сондықтан бүгін тыңдармандарыма халық әндерін сыйладым.

 

Концерт барысында патриоттық, ортағасырлық және 19 ғасырдағы әндер орындалды. Тыңдарман қауым әншінің репертуарындағы әр әнді ұйып тыңдап, көтеріңкі көңіл-күймен тарқасты.

 

Бақыт Сәдуақасов