Құқық қорғау органдары

Тоғыз айда көлікте 1,5 мыңдай заңбұзушылық тіркелген

 

Қарапайым ережелерді сақтамай, көлікке мас күйінде отырудың аяғы көбіне қайғылы аяқталып жатады. Бұл мәселеге темір тұлпардың тізгінін ұстағандар аса мән бере қоймайтын сияқты. Өйткені олардың дені көлік жүргізуде тәжірибесі аздар көрінеді. Дей тұрғанмен былтырғыға қарағанда көліктегі әкімшілік заң бұзушылықтар азайғанын алға тартты мұндағылар. Бірақ, автокөлікті мас күйінде жүргізушілердің саны керісінше кемімей отырған көрінеді.

 

Алена Девяткина, Петропавл қаласының мамандандырылған әкімшілік сотының судьясы:

– Бүгінгі күні отбасы мүшелерінің кем дегенде екеуінде автокөлік бар. Сондықтан жолдағы көлік қозғалысы да қиындай түсуде. Мәселен былтырғы жылдың 9 айында көліктегі заң бұзушылықтарға қатысты 1472 іс түссе, биылғы жылы – 1433. Әкімшілік құқық бұзушылықтардың 1/3 бөлігін осы жол көлік апаты құрайды.

 

Егер автокөліктің иесі бірнеше рет әкімшілік жауапкершілікке тартылса, ол 9 айға дейін жүргізуші куәлігінен айырылуы мүмкін. Әрине мәселені қалалық мамандандырылған әкімшілік соты шешеді.

 

Асланбек Көшенов, Петропавл қаласының мамандандырылған әкімшілік сотының судьясы:

– Парламенте жатқан әкімшілік кодекстің жаңа жобасы бойынша үш рет мас күйінде ұсталған адам өмір бойы көлік айдау құқығынан айырылады.Егер осы заң күшіне енсе, біздің көлік жүргізушілеріміз бір тәртіпке келер деген ойдамыз.

 

Осылайша брифинге қатысушылар автокөлік иелерін заңды бұзбауға шақырды.

 

Бану  Ахметова