Бизнес және экономика

Сауда кәсіпорындарының форумы

 

 

Бұл көрме өңіріміздегі өнім өндіруші кәсіпорындардікі. Одан ет, сүт, ұн, бал өнімдерінің түр-түрін кездестіруге болады. Өз тауарларын көрмеге ұсынғандар қатарында «Казмясопродукт». серіктестігі де бар. Олар бүгінде шұжықтын 70-ке тарта түрлерін шығарады. Шикізаттан тапшылық жоқ дейді мамандар.

 

Владимир Клепов, «Қазмясопродукт» серіктестігінің бас инженері:

-Бүгінде өз ісін дөңгелетемін дегендерге мемлекет тарапынан айтарлықтай қолдау бар. Оны айқын сезініп отырмыз .Оған түрлі байқаулар мен қабылданып жатқан бағдарламалар дәлел. Қазіргі күні өнімдеріміз еліміз ғана емес, көршілес Ресей Федерациясында да сұранысқа ие. Мүмкіндікке Кедендік одақ шеңберінде қол жеткізіп отырмыз.

 

Еліміздің жер-жерінен келген бизнесмендердің басын қосқан жиын мақсаты – шағын және орта кәсіпкерлікті дамытып, өнім өндіруші кәсіпорындардың жұмысын жаңа белеске шығару. Жиынға қатысушыларды облыс әкімінің бірінші орынбасары Айдарбек Сапаров құттықтады

Өнеркәсіп  экономиканың негізгі қозғаушы күші болып табылады. Бұл ретте еліміздің алдына қойған мақсаты Кедендік одақ шеңберінде бүкіәлемдік сауда нарығына шығу. Бүгінде отандық кәсіпкерлер саны жыл санап артып келеді. Қазіргі күні олардың қатары 333 мыңның үстінде. Дей тұрғанмен бизнеске тұсау болар кедергілер де жоқ емес. Елбасы оны азайту керектігін міндеттеген болатын. Қазіргі күні бұл мәселе халық қалаулыларының бақылауында.

Жиын соңында «Сауда үздігі – 2013» республикалық байқауының қорытындысы шығарылды. Онда жергілікті кәсіпкерлердің үшеуі жүлделі орынға ілікті. Ең үздік сауда базары номинациясында «Тайга» базары бірінші орынды қанжығаласа, үздік демалыс орны деп «Пестрое» парк-отелі танылды. Оларға бұйырғаны үшінші орын. «Вэлта» серіктестігі үздік көтерме сауда орны аталымында 3 орынға ие болды.

 

Дмитрий Кан, «Вэлта» ЖШС директоры:

-Байқауға қатысу біріншіден мәртебемізді көтереді деп ойлаймын. Сонымен қатар ол бізге жаңа мүмкіндіктер мен жаңа әріптестер табуға септігін тигізеді. Кедендік одақ шеңберінде қазіргі күні ресейлік әріптестерімізбен келісім жасасуға қол жеткізіп отырмыз.

 

Жеңімпаздардың барлығы диплом, грамота және естелік сыйлықтармен марапатталды.

 

Самат Есмағи