Салық басқармасы

Салық департаментінде бейсенбі сайын – ақыл-кеңес беру күні

 

 

Кәсібін жуырда ғана ашқан Татьяна Молоткова үшін Бірыңғай кеңес беру бөлмесінің бүгін зор пайдасы тиді. Ол өтіп бара жатып, 205-ші кабинетке кіргеніме өкінбеймін дейді. Іскер әйел өзінің әрбір сұрағына ықыласпен жауап берген мамандардың ілтипатына риза болып қайтты.

 

Татьяна Молоткова:

-Кеңсе тауарларын сатумен айналысатын кәсіп ашып жатырмын. Соған байланысты құжаттар жиып әкелуім керек. Бірақ, қандай түрі қажет, оны қайдан алуға болады. Онысын білмедім. Салық басқармасының мамандары бәрін түсіндіріп берді.

 

Бірыңғай кеңес беру күні Салық басқармасында былтырдан бері өткізіледі екен. Тұрғындар арасында сұраныс артып келеді дейді мекеме қызметкерлері.

 

Лилия Әбілева, Петропавл қаласы салық басқармасының бас маманы:

-Апта сайын әр бөлімнен 6 маман жиылып, тұрғындарды осында күтіп отырамыз. Келушілердің қатары қалың. Мәселен, жеке кәсіпкерлер тіркелу жөнінде, салықтық режимнің тиімдісін, салық есептілігі туралы сұрайды.

 

Жыл басынан бері мұнда 50 Бірыңғай кеңес беру күні өткізіліп, 500-ден астам кәсіпкерге түсіндіру бойынша көмек көрсетілген.

 

Данаш Хамзина