Аптадағы маңызды жаңалықтар

“Нұр Отан” партиясы депутаттық фракциясының отырысы

 

 

“Нұр Отанның” кезектен тыс 15-ші съезінде Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев партия мүшелерінің алдына Қазақстанды дамытуда биік-биік мұраттарды белгілеп, 7 міндетті айқындап берді. Соның бірі – депутаттық фракциялардың жұмысына қатысты.

 

Жангелді Тәжин, Петропавл қалалық мәслихатындағы  “Нұр Отан” партиясы депутаттар фракциясының мүшесі:

-Біздің партияның төрағасы, Елбасы айтқандай, халықтың ақшасының жұмсалуы бүгін партияның назарында болуға тиіс. Әрбір тиын, әрбір теңге басқа мақсатқа жұмсалмай, халық игілігіне жұмсалуын біз қадағалаймыз. Сондықтан біз қаржы көп жұмсалатын құрылыс саласында партиялық топтарды құрып отырмыз. Құрылыстың сапасы, оның орындалуы, уақытында жұмсалуы. Осының барлығы біздің басты назарымызда болады.

 

Партияның халықпен жақын болуына ерекше мән беріліп отыр. Алқалы жиында “Нұр Отан” атқарушы билік пен тұрғындар арасында көпір болуы керек деп атап айтылды. Бұл – партия жұмысындағы жаңа қадам.

Доктринада тағы бір басымдық жалпы адами құндылықтар мен әрбір азаматтың мемлекет дамуындағы орнына қатысты. Депутаттар өз қарамағындағы округке жауапты, ендеше съезде айтылған тапсырмаларды өздерінде жүзеге асыру тиіс. Өзекті мәселелердің бірі – әлеуметтік нысандардың құрылысы. Бұл ретте партиялық бақылау бекеттеріне артылған жүк салмақты.

 

Жасұлан Ахметов, Петропавл қалалық мәслихатындағы  “Нұр Отан” партиясы депутаттар фракциясының жетекшiсi:

-Біз бұл нысандарда партиялық бақылау бекеттерін құрдық. Олардың көмегімен біраз жұмыс атқарылды. Құрылыс сапасын жіті қадағалап, қаржыландыру мәселесін шешуге тырыстық. Шухов көшесінде салынып жатқан 55 пәтерлі және Набережныйдағы 72 пәтерлі баспаналар биыл қолданысқа тапсырылады.

 

Осылайша, халық қалаулылары атқарылған істі бір саралап, алдағы жұмыстарын нақтылап алды.

 

Данаш Хамзина