Құқық қорғау органдары

Оқушылар ұрыны ұстауға көмектесті

 

 

Петропавлдағы мектептердің бірінде оқитын 5-сыныптың 2 оқушысы тәртіп сақшыларына ұрыны құрықтауға септесті. “Северный” сауда орнын аралап жүрген олар қырағылық танытып, қылмыскерді байқап қалған.

 

Максим Ермаков:

– Біз ер адамның сауда орнынан жүгіріп шыққанын байқап қалдық, артынан дүкен иесі жүгіріп шығып көмек сұрады.Біз ұрының соңынан аңдып, оның қайда кіргенін көріп, дереу құқық қорғау органдарына хабарластық.

 

Бірінші болып оқиға орнына сол ауданда кезекшілікте жүрген 6637 әскери бөлім  қызметкерлері келген. Кейін балалар оларға ұрының қай подьезге кіргенін көрсетіп береді. Сезікті көп кешікпей қолға түсті. Ол ұрланған ноутбукті үйіне апарып, қайта сыртқа шыққанда әскерилердің қолына түскен. Қылмыс орнына Петропавл қ. ІІД 1-бөлімінің жедел-тергеу тобы жетті. 25 жасар күдікті кінәсін мойындап, ноутбукті иесіне қайтарды.

 

Ұлан Мәліков, Петропавл қ. ІІД 1 бөлімінің тергеушісі:

-6 қараша күні кешкі сағат 5 кезінде “Северный” сауда үйінен мүлік ұрланды.Осы іс бойынша тергеу жүргізілуде. Қазір материал сотқа жіберілуге дайындалып жатыр.

 

Облыстық ІІД-нің жетекшілері қылмыскерді ұстауға қатысқан барлық тұлғаларды ынталандырмақшы. Қамауға алынған сезікті бұған дейін де заң алдында жауапқа тартылған.