Көлік және жолдар

Көлік қозғалтқышының нөмірі техникалық төлқұжаттан алып тасталды

 

 

Қарашаның бірінен бастап көліктерді тіркеу куәліктерінде қозғалтқыш нөмірі көрсетілмейтін болды. Қазір темір тұлпар иелері қолдарына жаңа үлгідегі құжаттарды алуда.

 

Әбілсейіт Жолаушин, СҚО ІІД ЖПБ аға инспекторы:

– ҚР бірнеше заңнамасына өзгерістер енгізілді. Сондықтан, 1-ші қарашадан бастап жаңа үлгідегі құжаттар беріліп жатыр. Қозғалтқыш нөмірі көрсетілген жол енді мүлдем алынып тасталды. Техпаспортта кузов нөмірі ғана көрсетіледі. Қозғалтқышты қандай да бір себептермен ауыстырған жағдайда ешқандай құжатты өзгертудің қажеті жоқ.

 

Жаңашылдық ең алдымен автомобиль жүргізушілерінің көңілінен шығып отыр. Жол сақшылары көлікті тіркеуге қояр кезде тек вин-кодты қарайды. Мұндай тәжірибені әлемнің көптеген елдері қолданып келеді. Яғни, қозғалтқыш қосалқы бөлшек ретінде ғана қаралады. Сондай-ақ, сенімхат бойынша жүріп, ережені бұзған және сол үшін айыппұл төлейтіндер мен сатылып кеткен көлікке салық төлеп келгендердің де бас ауруына айналған мәселе шешімін тапты. Ендігі кезекте машина 3 жыл ішінде мінілмеген боп танылса, ол жөнінде тиісті органдар анықтама беретін болады.

 

Мағжан Ахмадина