Қайырымдылық

Ботагөз Құрманғалиеваға демеушілік көмек керек

 

Ботагөз Құрманғалиева бала жасынан оқуда озат, оқушылар арасында белсінді болған. Диплом аламын деп жүргенде аяқ астынан басы ауырып, белгісіз дертке душар болған. Қызының фотосуреттерін қолына алып, нендей күйге түскенін көрген анасы көзіне жас алады. Облыстық ауруханадағы хирургтердің алғашқы отасын айтады.

 

Дина Сәдуақасова, Ботагөз Құрманғалиеваның анасы:

-Дәл мимен екі ортада жиналған гайморитті көрген дәрігерлер үлдіреп тұр деді. Мен оларға Астанаға апарсақ қайтеді, Петропавлдың дәрігерлеріне онша сене қоймаймыз деп ақылдастым. Олар жоқ жеткізе алмайсыңдар, ісік үлбіреп тұр онымен Көкшетауға да жеткізе алмайсыздар деді. Содан операцияға жедел дайындап, кешкі сағат 8-ден 12:40 дейін отаны жасап тастады.

 

Алғашқы отасынан кейін Ботагөз есін жиып, үйіне, балаларына өзі бас көз болып жүріпті. Алайда көп ұзамай баста қайтадан ісік пайда болған.

 

Дина Сәдуақасова, Ботагөз Құрманғалиеваның анасы:

-Бұл бала міне, осында жаз бойы жатыр. Қайта-қайта ауырып ауруханаға түсе береді. Сонымен ешқандай оңалу болмағасын, Астанадағы ғылыми-зерттеу институтына бардым. Ондағы Ким деген кісі кезекті демалысын алып, шетелге кетіпті. 1 айдан кейін тағы барып өзін әйтеуір жолықтырдым. Ол маған сіз 2012 жылғы отадан кейін бірден келсеңіздер нетті, енді қазір ешқандай көмек бере алмаймын деді.

 

Осылайша, Ботагөздің бір басына 6 рет ота жасалыпты. Соңғысы қыркүйек айында болған. Елордалық нейрохирургтар оған “бастың оң жақ астроцитомасы” деген диагноз қойыпты. Ботагөзге қажет дәрісін де, емін де туғандары өздері көтеруде. Отағасының мойнында бұдан өзге ипотекасы бар.

 

Дина Сәдуақасова, Ботагөз Құрманғалиеваның анасы:

-Басын жабу керек, бір ғана ота жасау керек, қайталанған операцияны қызыңыз көтере алмайды деді. Сол бас жабатын маман келсін сосын біз қажет құралдарды алып өзіміз Петропавлға барып істейміз, өйткені әкелуді көтермейді деді. Мен соған сеніп келдім. Міне, содан 1 ай уақыт өтті. Содан Алматыдағы қайын ағам оларға хабарласқан екен. Алматыдағы нейрохирургтар қыздарыңыз операцияны көтере алмайды деп бас тартыпты.

 

Дегенмен, 9 құрсақ көтерген “Батыр ана” қызының айығып кететінінен үмітті. Бауыр еті баласын аурудан айықтырып, аяққа тұрғызу үшін, өзгенің қайғысына бей-жай қарамайтын жандардың көмек қолын созуын өтінеді.

Қаржыны Халық банкінің төлем картасы арқылы мына 16 нөмірден тұратын Ботагөз Құрманғалиеваның өз атындағы 1616 9630 1242 7496 жеке есеп шотына аударуға болады.

 

Берік Қасен