Құқық қорғау органдары

Тіркелмеген қаруды тапсыру акциясы жалғасуда

 

Петропавл қаласының тұрғыны аңшы мылтығы үшін 76 мың теңге қаржыға ие болды. Тіркелмеген қаруды тапсыру акциясы туралы бұқаралық ақпарат құралдарынан естісімен Сергей Ковалев  Петропавл қалалық ІІБ келген.

 

Сергей Ковалев:

Аңшылық құрып жүріп, кездейсоқ құжаттарсыз мылтық тауып алғанмын. Акция жарияланғанын, тапсырылған қару үшін ақы төлейтінін естідім де келдім. Заңсыз қару сақтап, қорқып-үркіп жүргенше, құтылайын деп ойладым.

 

Дәл осылай олжа ақшаға тағы 165 солтүстікқазақстандық ие болыпты. Мәселен, 980 патрон тапсырған облыс орталығының бір тұрғынына 70 мың теңгеден астам ақша төленген.

 

Ринат Багаутдинов, Петропавл қалалық ІІБ аға инспекторы :

– Өз еріктерімен қару-жарақ, оқ-дәрі, граната, мина, патрондар тапсырған азаматтар жауапкершіліктен босатылады.

 

Акция қарашаның 30-на дейін жалғасады. Қару-жарақты ішкі істер органдарының кез-келген аумақтық бөліміне тапсыруға болады. Осы уақытқа дейін 362 солтүстікқазақстандық 400 қару, 6671 патрон тапсырған.