Білім

Студенттердің білім сапасын сырттан бағалау басталды

 

 

ЖОО бітіруші студенттердің оқу жетістіктерін сырттай бағалау науқаны осымен 2 жыл қатарынан өткізілуде. Биыл сынақты республикадағы барлық 111 білім ордасының түлектері тапсырмақ. Бүгін тестілеудің алғашқы күні. Сондықтан сынақты осы жолы жаратылыстану, әлеуметтік, экономикалық бизнес ғылымдары пәндерін меңгеріп жатқан 4-ші курстың студенттері тапсыруда. Олардың саны 127. Ал, жалпы, сынақтан осы оқу ордасының соңғы курсының 841 түлегі өтеді.

Сынақты 4-ші курс студенттері 4 пән бойынша тапсырады. Яғни, өздері меңгеріп жатқан пәндеріне байланысты. Оларға 2,5 сағат уақыт беріледі. Және кейбір сұрақтардың бірнеше жауаптары да бар екен.

ЖОО түлектерінің оқу сапасын сырттай бағалау студенттердің білімдерін жетілдіруге бағытталған. Тестілеудің бағасы дипломға енгізілмейді.

 

Бану Ахметова