Құқық қорғау органдары

Мемлекеттік сатып алу саласында биыл 15 заңбұзушылық тіркелді

 

Өңірлік қаржы полицейлері мемлекеттік сатып алулар саласындағы қылмыстардың алдын алу мен жолын кесуге бағытталған шараларды тұрақты түрде жүргізуде. Бақылаушы орган мамандары бұл тұрғыда жанар-жағармай және техника алу кезінде құнын жоғарылату фактілері – ең жиі кездесетін заңбұзушылықтар екенін айтады.

 

Нұрлан Жахин, СҚО бойынша ЭСЖҚКД баспасөз хатшысы:

– Уәлиханов ауданының білім бөлімі бензин мен дизель отыны сатып алу кезінде жалпы сомасы 523 мың теңгеге бағаны жоғарылатқан. Тағы бірнеше факт.

 

Жыл басынан бері қаржы полициясының мамандары 200-ден астам қылмыстың бетін ашса, соның 15-сі мемлекеттік сатып алулар саласында анықталған. Заңсыз іс-әрекеттен мемлекетке келген шығын 100 млн теңгеден асып жығылған.

 

Нұрлан Жахин,СҚО бойынша ЭСЖҚКД баспасөз хатшысы:

-Жұмыспен қамту 2020 бағдарламасы бойынша -6, Тұрғын үй құрылысында- 2, «Ақ бұлақ» және «Балапан» бағдарламалары бойынша 1 қылмыстан тіркелсе, азық- түлік тауарларын аймақтық тұрақтандыру қорын қолдану және қалыптастыру жобасы аясында 5 заңбұзушылық орын алған.

 

Көп жағдайда бұндай қылмыстар бюджеттік қаражатты уақытында игермей, кейін оны жасырудан туындап жатады. Мысалы Тайынша ауданында тұрғын үйдің құрылысы толық аяқталмағанына қарамастан, құрылыс бөлімінің басшысы жалған мәліметтер жазылған құжатқа қол қойған. Нәтижесінде ел қазынасына 97,7 млн теңге көлемінде залал келтіріліпті.

 

Мағжан Ахмадина