Білім

СҚМУ білім берудің европалық сапа белгісіне ие болды

 

 

2012 жылы университет ASIIN неміс агенттігіне үш білім беру бағдарламасы бойынша аккредитациядан өту туралы өтініш берген. Биыл ЖОО сол сынақтан абыроймен өтіп, электроэнергетика магистратурасы мен бакалавриаты және аспап жасау мамандықтары халықаралық агенттік тарапынан қолдау тауып, тиісті құжатын алды.

 

Оңдасын Әшімов, М.Қозыбаев атындағы СҚМУ ректоры, акамедик:

-Оған ұстаздар мен студенттер 2 жыл қатарынан дайындалды.

 

Үстіміздегі жылдың сәуір айында жасаған сапар аясында шетелдік сарапшылар оқытушылар, студенттер мен энергетикалық компаниялардың басшыларымен кездесіп, оқу-әдістемелік кешендер және басқа да материалдармен танысты. Нәтижесінде солтүстікқказақстандық оқу орнының аталмыш мамандықтар бойынша оқыту жүйесіне оң баға беріліп, еуроейс сапа белгісі берілді. Ол университет алдында жаңа мүмкіндіктер ашып отыр.

 

Оңдасын Әшімов, М.Қозыбаев атындағы СҚМУ ректоры, акамедик:

-Шетелдерде мықты маман болуға, сонда оқуын жалғастыруға мүмкіндік береді. Бәсекеге қабілетті болуға септеседі.

 

Университет үшін бұл алғашқы тәжірибе. Жалпы ЖОО 51 оқу бағдарламасы бар. Биыл тағы 5 мамандық бойынша, атап айтқанда, радиотехника, электроника және телекоммуникация, ақпараттық технологиялар, информатика бойынша аккредитациядан өту жоспарлап отыр.

Мағжан Ахмадина