Мәдениет

Қуыршақ театрында – премьера

 

 

“Русачок” – кішкентай қоян туралы оқиға. Ол өзінің көжек болып туғанына көңілі толмағандықтан, басқа аңдарға еліктеумен болады. Өзін басқа жануар кейпінде көргісі келген көжек хайуанаттар әлемінің ішінде қайсысы болсам екен деп армандаумен күн кешеді. Кішкентай көрермендер мен олардың ата-аналары Русачоктың тиын, аюға, біресе бұғыға айналғысы келетінін тамашалады. Спектакльде аю мен бұғыны Александр Пархоменко сомдап шықты.

 

Александр Пархоменко, облыстық қуыршақ театрының актеры:

-Қойылым музыкалық жағынан жеңіл әрі көңілді. Мен өзіме жүктелген міндетті жоғары деңгейден орындап, рөлімді жақсы ойнап шықтым деген ойдамын.

 

Спектакль кішкентай көрермен үшін жақсы сабақ болды. Талай қиындықты бастан кешірген Русачок ақыр соңында қоян болып қалған дұрыс екенін ұғынады. Елена Зуева қуыршақ театрына баласымен жиі келіп отырады екен. Бүгінгі тәлім-тәрбиеге толы қойылым көңілімізден шықты деп отыр.

 

Елена Зуева, көрермен:

– Қойылым өте жақсы. Балам екеуімізге ұнады. Біз театрға жиі келіп тұрамыз. Бұл жолы да демалыс болған соң келіп, бір серпіліп қалдық.

 

“Русачок” премьерасын бұған дейін қалалық №10 мектептің шағын орталығында 70-ке тарта бүлдіршін тамашалаған екен.

 

Бақыт Сәдуақасов