Спорт

Боулингтен қалалық турнир

 

 

Шыңғыс Жүнісовтың боулинг ойнап жүргеніне көп болмаған. Десе де 9-сынып оқушысы осы 2-3 жылдың ішінде бірталай жетістікке жетіп үлгеріпті. Оның арманы бүгінгі турнирде де жасындай жарқырап жеңіске жету.

 

Шыңғыс Жүнісов:

-Маған боулинг ойнаған ұнайды. Бүгінгі 5-ші кубокты алғым келеді. Барлығына осы боулинг ойынын ойнасын деймін.

 

«Баласы атқа мінсе, анасы үйде отырып тақымын қысады» демекші бұл күні ата- аналар үйде тағат таппаған соң, осында келген. Бауыр еті баласы үшін жанкүйер болып отарғандардың бірі- Азат Ямалеев.

 

Азат Ямалеев:

-Менің қызыма осы ойын түрі ұнайды. Одан өзге ол бұл жерде бірталай ұл-қыздермен табысып, араласып кетті. Оның үстіне бұл спорт түрі қол, аяқ қимылдарын жақсартады. Шымыр болып, сергек жүруге тигізер пайдасы зор.

 

Мектеп оқушылары арасында боулингтен өткен 5-ші қалалық турнир 24 балғынның басын қосты. 4 жас дәрежесі бойынша өткен сайыс жеңімпаздары бағалы сыйлықтармен, диплом, медальдармен марапатталады.

 

Ботагөз Жүнісова,«№1 Боулинг орталығы» ойын-сауық кешені директорының орынбасары:

-№ 1  боулинг орталығы ұйымдастырған жарыс балалар денсаулығын жақсартуға өз септігін тигізуде. Осындай турнирлерді өткізу дәстүрге айналған. Сондықтан келешекте де балғындардың осы спорт түрімен айналысуға құлшынысы артып, жарыстарға қатысушылар саны көбейеді деген ойдамыз.

 

Осылайша, үш кезеңнен тұрған боулинг турнирi қорытындыланды. Бас жүлде сайыста 330 ұпай жинаған Даниил Кряжоктың еншісіне бұйырды. Ойынқұмарлардың құлағына алтын сырға, №1-ші боулинг орталығының 15 жылдығына арналған турнир келер жылы өткізілетін болады. Үлкен ұтыс тігілген ойынға кез-келген адам қатысып, бағын сынай алады.

 

Мағжан Ахмадина